Джо Байден: Палестина бейбітшілікті жақтайтын мемлекет болуы тиіс

Ол ХАМАС қозғалысы жойылғаннан кейін Палестина тәуелсіз мемлекет болуы керек екенін айтты

АҚШ президенті Джо Байден Палестина ұлттық әкімшілігі реформалануы және ХАМАС Газа секторындағы билігінен айырылған бойда тәуелсіз мемлекет құруға дайын болуы керек деді. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі РИА агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Иордан өзенінің батыс жағалауындағы және Газа секторындағы палестиналықтардың қажеттіліктерін тиімді қанағаттандыру үшін Палестина әкімшілігін шұғыл түрде реформалау қажет. ХАМАС-тың Газадағы билігі аяқталғаннан кейін олар бейбітшілікті жақтайтын мемлекет құруға дайын болуы керек», - деді ол Ақ үйде Иордания королі Абдалла II-мен кездесуінен кейінгі баспасөз мәслихатында.

ХАМАС қозғалысы 2007 жылы Газа секторын басып алғаннан кейін Батыс жағалаудың бір бөлігі ғана халықаралық мойындалған Палестина билігінің иелігінде қалды.

Айта кетейік, ХАМАС пен Израиль арасындағы қақтығыс өткен жылдың 7 қазанында басталған. Бүгінге дейін қақтығыс салдарынан 28 мыңға жуық палестиналық қаза болды.

Қазақстан Палестинаға алғашқыда 1 млн доллар көлемінде көмек берген болатын. Кейінірек қосымша 38 тоннадан аса гуманитарлық көмек жіберілетіні хабарланған. Сол сияқты Газа секторынан эвакуацияланған қазақстандықтар отбасыларымен бірге Алматыға жеткізілген болатын.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02