Қарағандыда белсенділер Назарбаев көшесінің атауын өзгертуді талап етті

Көше атауында Нұрсұлтан Назарбаев есімін сақтауды тек санаулы адам қолдаған

Нұрдәулет Кәкіш

Осы жылдың 10 ақпаны күні Қарағанды қаласына 90 жыл толды. 1934 жылы 10 ақпанда Қарағанды қала мәртебесін алған болатын. Бұл атаулы күні жергілікті белсенділер өзгеше бастама көтерді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі «Восточный экспресс» басылымына сілтеме жасап.

Қарағандының сегіз тұрғыны қаланың әр жерінде Нұрсұлтан Назарбаев атындағы даңғылдың атауын өзгертуді талап етіп, осы орталық көшеге 2019 жылға дейінгі бұрынғы атауы «Мир бульварын» қайтаруды қолдау жеке пикеттерін өткізуге өтінім берді.

Әлбетте, жергілікті билік пикеттерге рұқсат бермеуі мүмкін. Көше атының да жақын арада ауыстырыла қоюы екіталай. Бірақ желіде қарағандылықтар Назарбаев биліктен кеткеннен кейін көше атауына қатысты әлеуметтік желілерде мыңға жуық пікір қалдырған.

Белсенділер бұл көше атауында «мир», яғни «бейбітшілік» сөзі болуы керек деген талап қойып отыр. Бірақ осы үшін ақ тер, көк тер болып жүрген белсенділер көше атын ауыстыру туралы шешім қабылданбаса да, енді атаудың қай тілде жазылуы керектігін талқылай бастады. Яғни «Бульвар Мира» немесе «Бейбітшілік көшесі» бола ма? Бұл жағы әзірге белгісіз. Дегенмен белсенділер пікірі бұл жағынан да қаққа жарылуда.

Қазақ тілді қауым «Бейбітшілікті» қолдаса, кейбір белсенді «Мир»-ды дұрыс деп санайды. Ал көше атауында Нұрсұлтан Назарбаев есімін сақтауды тек санаулы адам қолдаған.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02