Қорғаныс министрінің орынбасары тағайындалды

Хабарлама Ақорда сайтында жарияланды

Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымына Шайх-Хасан Жазықбаев тағайындалды. Бұл туралы Sarbaz.kz Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

«Мемлекет басшысының өкімімен Шайх-Хасан Саттарқұлұлы Жазықбаев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды», - делінген Ақорда хабарламасында.

Қазақстан армиясында генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев әскери училище курсантынан бастап «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысына дейінгі лауазымдық жолдан өтті. Әр жылдары ол жауынгерлік және бітімгерлік дайындық бойынша жауапты қызметтер атқарды. Ол бірнеше әскери бөлімдердің командирі, штаб бастығы – «Батыс» ӨңҚ әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары болды.

1999 жылы Пенза жоғары артиллериялық инженерлік училищесін үздік бітірді, 2013 жылы Ұлттық қорғаныс университетін, 2019 жылы Ресей Федерациясы ҚК Бас штабының Әскери академиясын бітірді.

Ирак Республикасындағы инженерлік-саперлік жасақ құрамында бітімгерлік операцияға қатысты.

II дәрежелі «Айбын» орденімен, ведомстволық наградалармен және мерейтойлық медальдармен марапатталған.

Отбасылы, 3 бала тәрбиелеп өсіріп отыр.

__Последние новости

  • Басты назарда

Батыр жауынгерлер ерлігіне тағзым

12/05/2025 - 10:03
Админ
  • Басты назарда

Запасқа шықты сарбаздар

05/05/2025 - 18:22
  • Басты назарда

Жас сарбаздар қатары

05/05/2025 - 14:19
  • Басты назарда

Далалық лагердегі дайындық

01/05/2025 - 13:57
  • Басты назарда

Жеңіс мерекесіне арналған турнир

30/04/2025 - 11:54
  • Басты назарда

Сөнбейді әке, шырағың!

30/04/2025 - 11:51
  • Басты назарда

Жеңіс жолын жалғастырушы

28/04/2025 - 13:50
  • Басты назарда

Ұлы Жеңіске арнау

28/04/2025 - 11:53
  • Басты назарда

Үстел ойынының жеңімпазы

28/04/2025 - 10:48
  • Басты назарда

Ұлық мерекеге арналды

27/04/2025 - 15:42
  • Басты назарда

Мен атаммен мақтанамын!

27/04/2025 - 11:52