Ресейге қару-жарақ жеткізу тыйылмай тұр
Италияның Beretta компаниясы ЕО санкцияларына қарамастан Ресейге қару-жарақ жеткізуді тоқтатар емес. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі The Insider мен IrpiMedia журналистерінің бірлескен зерттеуіне сілтеме жасап хабарлайды.
Зерттеу мәліметіне сүйенсек, Beretta компаниясы әлі күнге дейін өзінің еншілес кәсіпорны және қару-жарақ бароны Михаил Хубутияның компаниялары арқылы Ресейге қару-жарақ импорттайды.
Михаил Хубутияға тиесілі қару-жарақ бизнесіндегі ең ірі компаниялардың бірі – «Русский Игл» ЖШС. Компанияның оқ-дәрілерді, азаматтық және қызметтік қаруларды сатуға болатыны туралы екі лицензиясы бар. Дәл осы еншілес компания арқылы қару Ресейге жетеді дейді зерттеуші журналистер.
«Russian Eagle» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сайтында былай деп жазылған: «Beretta Holding-інің ресми дистрибьюторы Ресейде. Шетелде жасалған қару-жарақтарды, оптика мен техникаларды тұрақты жеткізу».
Журналистер Ресейде санкцияланған қару-жарақ қойылған көрмелер мен байқаулар жалғасып жатқанын айтты. Сонымен қатар, Beretta холдингіне тиесілі басқа да қару-жарақ Ресейге тұрақты түрде жеткізіліп тұрады. Олардың ішінде Benelli, Beretta, Beretta Benelli, Iberica және т.б. карабиндер бар.
Beretta-дан бөлек, Maroccbi және Breda маркаларын шығаратын италиялық CD Europe S.R.L. компаниясы да Ресейге қару-жарақ жеткізуді тоқтатар емес.
Correctivo басылымының хабарлауынша, Украинада қарулы қақтығыс басталғалы бері Ресейге ЕО мен АҚШ-тан жеті мыңнан астам атыс қаруы мен сегіз миллион патрон жіберілген. Ал кәсіпкер Михаил Хубутийдің компаниясы бір жарым мыңнан астам қару мен миллионнан астам патрон жеткізген көрінеді.
Михаил Хубутия кім?
Михаил Хубутия Грузияда дүниеге келген, Мәскеу түбіндегі Химки қаласында қызмет еткен, содан кейін достарымен кооператив ашып, кейін оны бизнесіне айналдырған. Хубутия Мәскеудің орталығында алғашқы «Царьский аң» дүкенін ашты. Хубутия кейінірек Мәскеу облысының губернаторы болған Борис Громовпен тығыз байланыста болды.
Көп ұзамай дүкен «Колчуга» атты қару-жарақ дүкендер желісіне айналды, ал Хубутия «Гильдия продавцов оружия» коммерциялық емес серіктестігін басқарды. 1999 жылы 33 жасында Мәскеу облысы үкіметінің сауда министрі болды және бұл қызметті 2001 жылға дейін атқарды. 2005 жылы Мәскеу үкіметі жанындағы инвестициялық қызмет жөніндегі сарапшылық кеңестің төрағасы болып тағайындалды.