Энтони Блинкен: Газа секторында қаншама мың жазықсыз адам көз жұмды

Ол Газада ХАМАС-пен еш байланысы жоқ мыңдаған отбасы бар екенін де айтып өтті

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен кездесуінде Израиль армиясының әрекетінен Газа секторында бейбіт тұрғындар тым көп қаза болғанын айтты. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Anadolu агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Энтони Блинкен өз сөзінде өмірінің соңына дейін Газа секторында қаза болған мыңдаған баланы ұмытпайтынын айтты.

АҚШ-тың мемхатшысы 7 қазандағы шабуылдан есеңгіреп қалғанын, алайда Газада ХАМАС-пен еш байланысы жоқ мыңдаған отбасы бар екенін де айтып өтті. Сондай-ақ, ол ХАМАС бейбіт тұрғындардың қазасына жауапты деп санайды.

Ол Израиль шенеуніктерімен кездесу барысында Газа секторындағы бейбіт тұрғындардың жағдайына көңіл бөлу, оларды қорғау және аймаққа гуманитарлық қолжетімділікті барынша арттыру мәселелері талқыланғанын айтты.

«2 миллионға жуық адам үйін тастап кетуге мәжбүр болды. Жүздеген мың адам аштық жағдайында өмір сүріп жатыр. Көптеген адам жақындарынан айырылды. Күн сайын қаншама жазықсыз адам өліп жатыр», - деді Блинкен.

Айта кетейік, Израиль ХАМАС-тың соғысты тоқтату туралы ұсынысынан бас тартқаны хабарланған.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02