KAZCENT базасында түрлі тілдік бағдарламалар бойынша 200-ден астам әскери қызметші білім алды
Күштерінің 70-тен астам әскери қызметшісіне арналған кезекті ағылшын тілі курсы басталды. Бұл туралы Sarbaz.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
KAZCENT тілдік даярлық басқармасының оқытушылар құрамы арнайы әзірлеген оқыту бағдарламасы американ-ағылшын және британ-ағылшын тілдерінің базаларында құрылған.
«Біз екі бағдарламаның ең жақсысын алдық, оларды біріктіріп, бірыңғай жүйеге бейімдедік. Біздің тыңдаушыларымыз тілді тереңірек үйреніп қана қоймай, курсты аяқтағаннан кейін де нәтижелі және әмбебап сөйлеу дағдыларына ие болуы үшін, бұл оларға болашақта көпұлтты ортада жұмыс істеу барысында көмектесуі керек», – деп түсіндіреді Орталықтың тілдік даярлық басқармасының бастығы подполковник Ратмир Кустубаев.
Сабақтар Алматы қаласының білім беру тіл орталықтарының кәсіби лингвистері қатарынан тәжірибелі оқытушылардың, сондай-ақ шетелде біліктілікті арттыру курстарынан өткен орталықтың әскери қызметшілерінің басшылығымен өткізіледі. Олар жаңа әдістемелерді белсенді енгізуде, тілдік оқыту саласындағы стандарттарды жетілдіруде, осылайша бітімгершілік миссиялар үшін тілдік даярлықтың тиімділігін арттыруда.
Тыңдаушылар қазірдің өзінде аудио және бейнематериалдарды өз бетінше игеруде, сондай-ақ оқытушылардың тапсырмаларын орындауды қамтитын практикалық сабақтарды өте бастады.
Бұл курс тыңдаушыларға бітімгершілік миссияларға қатысу үшін тиімді тілдік дағдыларды ұсынады, сондай-ақ тыңдаушылардың кәсіби деңгейін арттырудың негізі болып табылады.
2023 жылы KAZCENT базасында түрлі тілдік бағдарламалар бойынша 200-ден астам әскери қызметші білім алды.
Айта кетейік, Қорғаныс ведомствосы басшысының міндетін атқарушы Руслан Жақсылықов Парламент Палаталарының бірлескен отырысында Қазақстанның тұңғыш дербес бітімгершілік контингентіне әскери қызметкерлер жұмылдырылатынын мәлім еткен болатын.