Терроризм туралы жалған хабар берген балалардың ата-аналары жазаланды

11 жастағы үш оқушы жасаған

Терроризм актісі туралы жалған хабарлама жасағаны үшін елордалық үш оқушының ата-анасына айыппұл салынды. Бұл туралы Астана қаласының Полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

5 ақпан күні Астананың жедел басқару орталығына телефоннан хабарлама келіп түсті. Онда қоңырау шалушы қала мектептерінің бірінде террорлық шабуыл болатынын хабарлады.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері дереу жетті. Жалған хабарламаны 11 жастағы үш оқушы жасаған. Осы факт бойынша ата-аналарға қатысты әкімшілік хаттамалар жасалып, 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

«Көрінеу жалған хабарлар ауыр қылмыс болып саналады. Дайындалып жатқан терроризм актісі туралы хабар бес мың АЕК мөлшерінде айыппұл салуға немесе бес жылға дейінгі мерзімге шектеуге немесе бас бостандығынан айыруға жазаланады. Қылмыс жасалған кезде он төрт жасқа толған адамдар ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылады», - делінген Астана қаласы ПД таратқан ақпаратта.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19