Бітімгерлер Таяу Шығысқа бару үшін қандай дайындықтан өтті?

Алғашқы медициналық көмек көрсету, жараланған адамды қауіпсіз жерге эвакуациялау

Жақын арада Қазақстан БҰҰ миссиясы шеңберіндегі міндеттерді орындау үшін өз бітімгерлерін Голан биіктеріне жібереді. Бұл туралы Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бұған дейін әскери қызметшілер бітімгерлік миссия барысында жеке құрамды өз міндеттерін орындауға үйрететін пәндерді, яғни теориялық және практикалық сабақтар кешенін қамтитын алты айлық бітімгерлік даярлықтан өтті.

Контингентті дайындау БҰҰ-ның бейбітшілікті қолдау жөніндегі көпұлтты операцияларда олардың тиімді интеграциясы мен жедел үйлесімділігінің ережелері мен талаптарына сәйкес жүзеге асырылды.

Қазақстандық әскери қызметшілер мынандай дайындықтан өтті:

Миссияда бітімгерлік міндеттерді ойдағыдай орындау үшін ағылшын тілін меңгеру; Бітімгерлік базасының қорғанысы және күзеті, блокпост қызметін ұйымдастыру, патрульдеу, бейбіт тұрғындарға көмек көрсету және БҰҰ мандатына сәйкес басқа да міндеттер; Бейбіт тұрғындарды қорғау, халықаралық гуманитарлық құқық, күш қолдану ережелері; Алғашқы медициналық көмек көрсету, жараланған адамды қауіпсіз жерге эвакуациялау; Жарылғыш заттарды және қолдан жасалған жарылғыш құрылғыларды тану және залалсыздандыру; Бітімгерлер баратын елдің мәдениеті мен дәстүрлерінің ерекшеліктерін білу; Көпұлтты ортада жүктелген міндеттерді орындау кезінде келісілген әрекеттерді пысықтау.

Айта кетейік, Қорғаныс ведомствосы басшысының міндетін атқарушы Руслан Жақсылықов Парламент Палаталарының бірлескен отырысында Қазақстанның тұңғыш дербес бітімгершілік контингентіне әскери қызметкерлер жұмылдырылатынын мәлім еткен болатын.

Бұл бітімгерлік миссияда 7 әскери әйел бар екені хабарланды.

__Последние новости

  • Басты назарда

«Дарбаза» полигонындағы жауынгерлік сынақ

Бүгін, 10:24
Админ
  • Басты назарда

Әскери міндеттілер ант қабылдады

Кеше, 10:22
  • Басты назарда

Ашық есік күні ұйымдастырылды

03/06/2025 - 16:21
  • Басты назарда

Дұрыс жүру – денсаулық кепілі

03/06/2025 - 10:20
  • Басты назарда

Ерекше сәттерімен есте қалған форум

02/06/2025 - 16:18
  • Басты назарда

Балаларды қорғау күніне арналды

02/06/2025 - 16:00
  • Басты назарда

Батыр атындағы көше барынша тазаланды

01/06/2025 - 10:13
  • Басты назарда

ИДЕЯНЫ ІСКЕ АСЫРУДА ІРКІЛІС БОЛМАЙДЫ

29/05/2025 - 16:08
  • Басты назарда

БАҒЫТ-БАҒДАРЫМЫЗ БАЯНДАЛДЫ

29/05/2025 - 09:06
  • Басты назарда

ЖҮРЕКТІ ЖЫЛЫТҚАН ЖҮЗДЕСУ

29/05/2025 - 09:03
  • Басты назарда

Батыр жауынгерлер ерлігіне тағзым

12/05/2025 - 10:03
  • Басты назарда

Запасқа шықты сарбаздар

05/05/2025 - 18:22
  • Басты назарда

Жас сарбаздар қатары

05/05/2025 - 14:19