Алматыда енді биік үйлер салынбайтын болды

Үйлердің арақашықтығы да өзгерген

Алматының кейбір бөлігінде үш қабаттан асатын ғимараттар салынбайды. Мұндай талап 10 балдық жер сілкінісі болуы мүмкін аудандарға қойылып отыр. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Ал осыған дейін биік ғимараттар салуға рұқсат алған компаниялар әрі қарай құрылысты жалғастыра береді. Әкімдік тарапы олардың санаулы екенін айтып отыр.

Биыл бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлаудың жаңа жобасында үйлердің арақашықтығы да өзгерген. Енді 5 қабатқа дейін үй салатын компания олардың арасын 20 метрден кем қылмауы керек. Ал 12 қабатқа дейін нысан тұрғызуды көздеген мердігерлер екі үйдің арасын 30 метр алшақ салуы қажет.

«Алматының әр жерінде әртүрлі қабатты үйлер, ғимараттар салынуы керек. Мысалы, Әл-Фараби даңғылынан жоғары тау жаққа қарай келетін болсақ, ол жақта 3 қабаттан биік болмауы керек. Ал Әл-Фараби мен Абай даңғылының арасы 9 қабаттан биік болмауы керек. Ал тарихи орталықта қалыптасқан биіктік – 5 қабат. Сол жерде де 5-6 ғимараттан биік болмауы керек. Ал енді Райымбек даңғылының төменгі жағында көбіне 10 балдық аймақ, ол жерде топырақ осал және жер асты су биік орналасқан. Сондықтан, көбінесе сол 6 қабаттан биік болмауы керек», - деді «Алматыбасжоспар» ҒЗИ ЖШС бөлім басшысы Жанат Айтілеу.

Айта кетейік, 23 қаңтарға қараған түні Алматыда 5 балдық жер сілкінісі болды. Табиғи апат жалпы алғанда еліміздің үш қаласы мен бес облысында сезілді.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19