Тұрмыстық зорлық: татуласу рәсімі қатаңдатылды

Астанада 2021 жылы 796 әйел адам өлтіру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, сексуалды қылмыстар құрбаны болды

Мәжіліс депутаты Дания Еспаева әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты күшейтетін заң жобасының авторларының бірі ретінде заңдағы негізгі бастамалар жайлы айтты. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«2023 жылғы 19 мамырдан бастап Қылмыстық кодекске енгізілген өзгерістер күшіне енді. Яғни енді, тұрмыстық салада денсаулыққа ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтіру 6 жылға дейін бас бостандықтан айыруға алып келеді. Бұрын ол 3 жыл болған.

Өткен жылдың 1 маусымынан бастап әкімшілік заңнамаға өзгерістер енгізілді. Қамаққа алу мерзімі 5 тәуліктен 15 тәулікке дейін, ал қайталанған жағдайда 20 тәулікке дейін ұзартылды. Бұрын ол 1 тәуліктен 3 тәулікке дейін болған. Сонымен қатар татуласу рәсімі қатаңдатылды. Қазір тек бір рет және сотта ғана татуласуға болады. Бұрын бұған шектеу болмаған. Тұрмыстағы құқық бұзушылықты тіркеу бұған дейін өтініш беру сипатында болса, енді анықтама сипатына көшті. Бұрын полиция жәбірленушінің өтініші болмаса, жауапқа тарта алмайтын, себебі мұндай құқығы болмады», - деді депутат.

Оның айтуынша, осы себептен өтініштердің 60 пайызы жауапсыз қалып отырған.

«Дегенмен, өкінішке қарай, қабылданып жатқан шараларға қарамастан күш көрсету, зорлық жасау көрсеткіші жоғары болып отыр. Мысалы, 2021 жылы Астанада 796 әйел адам өлтіру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, сексуалды қылмыстар құрбаны болды. 2022 жылы 1 000 әйел, ал 2023 жылы 9 айда 865 әйел осындай қылмыстарға ұшыраған», - деп мәлімдеді Дания Еспаева.

Мәжілісменнің айтқан дерегіне сәйкес, қылмыстардың басым көпшілігі отбасындағы тұрмыстық жанжалдардың салдарынан, алкогольдік мас күйде жасалады.

Айта кетейік, былтыр тұрмыстық зорлық-зомбылықтан 69 әйел адам көз жұмды.

__Последние новости

  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

Кеше, 12:54
Админ
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39
  • Басты назарда

Қабілетіне қанат бітірген азамат

14/11/2024 - 14:22