«Ауған соғысына 18 жасымда тап болдым»: ардагер басынан кешкен оқиға туралы айтты

Сарбаздар ауған соғысының ардагерлерімен кездесті

15 ақпан – Кеңес әскерінің Ауғанстан Демократиялық Республикасы елінен шығарылған күніне 35 жыл толуына орай, Приозерск гарнизонындағы Қарулы Күштер ардагерлері ұжымының ұйымдастыруымен «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлеріне қарасты 06708 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген сарбаздардың ауған соғысы ардагерлерімен кездесті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Іс-шараның мақсаты – ауған соғысының ардагерлеріне құрмет көрсету, олардың жат елде Отан алдындағы интернационалдық борышын өтеу кезіндегі ерлік жолдарын дәріптеу және жанқиярлық ерліктерін үлгі тұту арқылы мерзімдік қызметтегі әскери қызметшілердің бойындағы отаншылдық сезімді одан әрі арттыру болып саналады.

Кездесу ауған соғысында ерлікпен қаза болған интернационалист-жауынгерлердің рухына тағзым ету үшін бір минуттық үнсіздікпен еске алу тұрғысында басталды.

Кездесудің қадірлі қонақтары – ауған соғысының ардагерлері интернационалист-жауынгер Бердібек Ақмұрзаев пен Валерий Крупский сарбаздармен бірге бас қосқан ортада Ауғанстан Демократиялық Республикасы жеріндегі әскери қызметтері туралы естеліктермен бөлісті.    

Алдымен, сөз алған интернационалист-жауынгер Бердібек Тауасқанұлы Ауғанстанға қалай тап болғанын айтып өтті.

«Мен 1985 жылы мектебімді бітіріп, сол жылдың күзінде Отан алдындағы азаматтық борышымды өтеу үшін әскер қатарына шақырылдым. Берілген бұйрық пен тапсырманы орындау үшін 18 жасқа енді толған шағымда, Кеңестер Одағының армиясының құрамында алыс Ауғанстан еліндегі тұтанған соғысқа тап болдым», - деп еске алды.

Ал ардагер аға, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің запастағы подполковнигі Валерий Викторович сарбаздарға жат елде болған соғыстың тарихына тоқталып, өзі куә болған оқиғаларды баяндап берді. 

Кездесу барысында оқушыларға ауған соғысының қаһармандары туралы жазылған запастағы полковник Амангелді Жантасовтың «Жартасты жастанған жасақ» атты еңбегі таныстырылды. Бұл кітапта кезінде «қара майор» деген атпен танылған қазақстандық Борис Керімбаевтың 1980 жылы Қазақстан жерінде жасақталған атақты «мұсылман батальоны» және олардың Ауғанстан Демократиялық Республикасындағы соғыста жасаған ерлік жолдары қамтылған.

__Последние новости

  • Басты назарда

«Халық қаһарманы» көркемөнер галереясы

Кеше, 22:55
Админ
  • Басты назарда

Әскери бөліммен етене танысты

Кеше, 15:44
  • Басты назарда

Техниканың дайындығы тексерілді

26/11/2024 - 15:53
  • Басты назарда

Адал болуға ант берді

26/11/2024 - 12:24
  • Басты назарда

Оқу-әдістемелік жиын

26/11/2024 - 10:27
  • Басты назарда

ӘСКЕРИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЯ ТҮСЕДІ

23/11/2024 - 10:21
  • Басты назарда

Білімі мен біліктілігі жарасқан

22/11/2024 - 10:35
  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

21/11/2024 - 12:54
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14