Чилиде орман өртінен 100-ден аса адам көз жұмды

Қазірдің өзінде 6 мыңға жуық үй қызыл жалынға оранған

Чилиде алапат орман өртінен 112 адам қаза тапты. Ел президенті Габриэль Борич Вальпараисо аймағында төтенше жағдай жариялап, жағдайды шешу үшін «барлық қажетті ресурстарды» жұмылдырды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Өрт қазірдің өзінде үлкен аумақты шарпыды, ал құрбандар саны әлі де артуы мүмкін. Агенттік мәліметінше, республика бойынша 40 белсенді өрт ошағы тіркелген.

Орман өртімен күрес жөніндегі аймақтық комитет (COGRID) қаза болғандардың 45-і оқиға орнында табылғанын, ал қалғаны алған жарақатынан ауруханада қайтыс болғанын хабарлады.

Қызыл жалын ауа температурасы 33°C-тан жоғары көтерілгеннен кейін басталды. Алапат өртті сөндіруге 1400 өрт сөндіруші, армия, өрт сөндіру ұшақтары мен тікұшақтар жұмылдырылды.

Таулы жерде басталған өрт жағалаудағы аудандарға өтіп, Вина-дель-Мар және Вальпараисо қалаларына жеткен.

Әлеуметтік желіде жарияланған кадрлар өрттің Вина-дель-Мар қаласына апаратын бірнеше тас жолды жауып тастағанын көрсетеді. Құтқару қызметінің жұмысын жеңілдету үшін билік сағат 21:00-ден бастап коменданттық сағат енгізді.

«Біз бұрын-соңды болмаған апатқа тап болдық», - деді қала мэрі Макарена Рипамонти.

Айта кетейік, Вина-дель-Мар – туристер арасында танымал, әсіресе серферлер жиі бас қосатын  қала. Агенттіктің мәліметінше, құрбан болғандардың көпшілігі – Вальпараисоға келген туристер.

Чилидің тұрғын үй министрлігі қазірдің өзінде 6 мыңға жуық үй қызыл жалынға оранғанын хабарлады.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ШЫРАЙЛЫ ШЫҒЫСТАҒЫ ПРЕСС-ТУР

30/10/2025 - 10:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АРМИЯМЫЗДЫҢ «АЙБЫНЫ»

28/10/2025 - 15:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Сарбаз» – сүйікті газетіміз

28/10/2025 - 10:18
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАЙЛАНЫСЫМДЫ ҮЗБЕГЕН БАСЫЛЫМ

27/10/2025 - 10:17
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ӨМІРДІҢ АЙНАСЫ

25/10/2025 - 17:17
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Алдын алу жұмыстары нығайып келеді

23/10/2025 - 10:41
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бейнеқоңырау арқылы байланысқа шықты

22/10/2025 - 10:33
  • Басты назарда

Әкесіне еліктеп әскери болған

20/10/2025 - 14:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Топогеодезистерге арналған курс

19/10/2025 - 16:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

100 жасқа толуымен құттықтады

18/10/2025 - 15:27
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Ұлық болсаң – кішік бол!

17/10/2025 - 11:15
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға қызмет – абырой мен ардың ісі

16/10/2025 - 10:14