Қытайда сотталған аустралиялық жазушы өлім жазасына кесілді

Ол 2019 жылы Қытайда ұлттық қауіпсіздікке қатер төндірді деген күдікпен ұсталған

Қытайда сотталған аустралиялық жазушы Ян Хенжун өлім жазасына кесілді. Бұл туралы Аустралияның сыртқы істер министрі Пенни Вонг X әлеуметтік желісінде мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«Аустралия үкіметі ел азаматы Ян Хэнцзюннің бүгін Бейжіңде өлім жазасына кесілгеніне таң қалды», - деп жазды ол.

Дегенмен, жазушы алдағы екі жылда ауыр қылмыс жасамаса, өлім жазасы өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылады.

ABC телеарнасының хабарлауынша, Қытайдың Канберрадағы елшісі Аустралия сыртқы істер министрлігіне түсініктеме алу үшін шақырылған.

Айта кетейік, Хэнджун Қытайда дүниеге келген және Аустралия азаматтығына ие. 2019 жылы қамауға алынғанға дейін ол Нью-Йоркте жұмыс істеген. Ол Гуанчжоу әуежайында ұсталып, оған тыңшылық жасады деген айып тағылды. Қытай билігі бұл іс туралы толық мәлімет жарияламай отыр.

Ал жазушы өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарды. Ян Хэнцзюннің отбасы қамауға алынғаннан бері денсаулығы нашарлағанын айтып, Қытай билігін айыптап отыр.

BBC мәліметі бойынша жазушы Қытай билігін адам құқықтарын бұзды деп бірнеше мәрте сынаған. Оның тыңшылық бағыттағы бірнеше романы бар.

«Қытай үкіметі оны адам құқықтарының бұзылуын сынағаны, сол сияқты адам құқығы, демократия және заң үстемдігі сияқты жалпыадамзаттық құндылықтарды қорғағаны үшін жазалап отыр», - деді оның досы, Сиднейде тұратын академик Фэн Чонги.

__Последние новости

  • Басты назарда

БАҒЫТ-БАҒДАРЫМЫЗ БАЯНДАЛДЫ

Кеше, 09:06
Админ
  • Басты назарда

ЖҮРЕКТІ ЖЫЛЫТҚАН ЖҮЗДЕСУ

Кеше, 09:03
  • Басты назарда

Батыр жауынгерлер ерлігіне тағзым

12/05/2025 - 10:03
  • Басты назарда

Запасқа шықты сарбаздар

05/05/2025 - 18:22
  • Басты назарда

Жас сарбаздар қатары

05/05/2025 - 14:19
  • Басты назарда

Далалық лагердегі дайындық

01/05/2025 - 13:57
  • Басты назарда

Жеңіс мерекесіне арналған турнир

30/04/2025 - 11:54
  • Басты назарда

Сөнбейді әке, шырағың!

30/04/2025 - 11:51
  • Басты назарда

Жеңіс жолын жалғастырушы

28/04/2025 - 13:50
  • Басты назарда

Ұлы Жеңіске арнау

28/04/2025 - 11:53
  • Басты назарда

Үстел ойынының жеңімпазы

28/04/2025 - 10:48
  • Басты назарда

Ұлық мерекеге арналды

27/04/2025 - 15:42
  • Басты назарда

Мен атаммен мақтанамын!

27/04/2025 - 11:52