Ауыл мұғалімінің 100-ден астам оқушысы әскери салада еңбек етіп жүр

Шалғай аудандарда әскери-патриоттық тәрбиелеу қалай жүргізіледі?

ҚР Қарулы күштері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Алмаз Жұмакеев Алматы облысы Жамбыл ауданы Беріктас ауылындағы орта мектептің алғашқы әскери дайындық оқытушысының жұмысын жоғары бағалады. Бұл туралы Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Запастағы аға лейтенант Жанбол Өмірзақов 30 жылдан астам уақыт туған ауылындағы мектепте алғашқы әскери даярлық пәнінен сабақ беріп келеді. Оның бала тәрбиесіне деген сүйіспеншілігі мен мамандыққа адалдығының арқасында Беріктас ауылының жүзден астам оқушысы әртүрлі күштік құрылымдардың әскери бөлімдерінде мерзімді қызметін абыроймен атқарды. Оның ішінде он шәкіртінің әскери жоғары оқу орындарын бітіріп, бүгінде еліміздің Қарулы күштерінде қызмет етіп жүргенін мақтан тұтады.

Жанбол Өмірзақов көрнекілік насихат мақсатында Қазақстанның танымал адамдарының суреттерін пайдаланады. Жұмыс кабинетінің қабырғалары 100-ге жуық жалаушамен және еліміздің дамуына үлес қосқан спортшылардың, саясаткерлердің, әртістердің, сондай-ақ күштік құрылым өкілдерінің мыңнан астам портреттерімен безендірілген. Түрлі саладағы халықаралық байқаулардың, олимпиадалардың, стипендия иегерлерінің жеңімпаздары атанған және ерлік жасаған балалардың фотосуреттері де төрден орын алған.

– Кез келген сабақты белгілі бір танымал адам туралы бастаймын. Еліміз Өтеген батыр кентіндегі № 24 лицейдің 8 сынып оқушысы Ақжол Геройдың ерлігінен хабардар. Сабақта біз бұл туралы кеңінен отырып әңгімелестік. Балаларды осындай адамдардың өмірін үлгі ете отырып, оқытып тәрбиелейміз, – деп бөлісті өз жаңалығын Жанбол Өмірзақов.

Алғашқы әскери дайындық кабинеті ешқашан бос болып көрген емес. Жоғары сынып оқушыларымен өткен сабақ аяқталған кезде, төменгі сынып оқушылары күтіп тұрады. Олар үшін бұл жерді шағын мұражай десе де болады. Қабырғадағы портреттерге таңдана қараған балалар олардың тағдырына қызығушылық танытып жатады. Алғашқы әскери дайындық ең сүйікті пәндердің бірі екендігі туралы да айту керек шығар. Өткен жылғы 16 желтоқсанда 60 жылдық мерейтойында Жанбол Өмірзақовқа «Жамбыл ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.

– Ел Президенті – Қарулы күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы «Сын сағатта басын қатерге тігіп, жанқиярлықпен ерлік танытқан, Отанына адал қызмет еткен тұлғаларды жастарға үлгі ету және қарапайым еңбек адамын дәріптеу маңызды» екенін бірнеше рет атап өтті. Сондықтан Жанбол Өмірзақовтың жас ұрпақты әскери-патриоттық тәрбиелеуге қосқан үлесі назар аударуға лайық және оны бағалай білуіміз керек, – деді Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Алмаз Жұмакеев.

Сыныпты безендіргені үшін Десанттық-шабуылдау әскерлері әскери бөлімдерінің командирлері Жанбол Өмірзақовқа көк жолақты тельняшкалар мен көгілдір береттер, эмблемалар мен вымпелдерді сыйлыққа беріп жіберіпті. Ал қолбасшының тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары полковник Раджан Жанысов алғыс хат пен Десанттық-шабуылдау әскерлері туралы кітапты табыс етті.

__Последние новости

  • Басты назарда

«Халық қаһарманы» көркемөнер галереясы

Кеше, 22:55
Админ
  • Басты назарда

Әскери бөліммен етене танысты

Кеше, 15:44
  • Басты назарда

Техниканың дайындығы тексерілді

26/11/2024 - 15:53
  • Басты назарда

Адал болуға ант берді

26/11/2024 - 12:24
  • Басты назарда

Оқу-әдістемелік жиын

26/11/2024 - 10:27
  • Басты назарда

ӘСКЕРИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЯ ТҮСЕДІ

23/11/2024 - 10:21
  • Басты назарда

Білімі мен біліктілігі жарасқан

22/11/2024 - 10:35
  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

21/11/2024 - 12:54
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14