«Палестина мемлекет ретінде қалыптасады»: АҚШ-тың барлау директоры болжам жасады

Ол Ресей, Қытай, Украина туралы болжам жасады

Ануар Маратов

АҚШ-тың Орталық барлау басқармасының директоры Уильям Бернс әлемде болып жатқан оқиғаларға байланысты 2024 жылға болжам жасады. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Foreign Affairs басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Уильям Бернс мақаласының негізгі тұжырымдары:

Қытай мен Ресейдің кесірінен АҚШ-тың беделіне нұқсан келді; Орталық барлау басқармасы АҚШ-қа Ресейден бұрын Қытай әлдеқайда үлкен қауіп төндіреді деп санайды. Сол себепті соңғы екі жылда Қытайға қарсы бөлінген бюджет екі есе астам артты; Соғыс Ресейге көптеген сәтсіздік әкелді; 315 мың ресейлік қаза тапты немесе жараланды, танк қорларының 2/3 бөлігі жойылды; Ресей экономикасы ұзақ мерзімді сәтсіздіктерге ұшырайды және ел экономикалық тұрғыда Қытайға бағынышты болады; Биыл Украинаны үлкен сын күтіп тұр;

Украинадағы жағдай туралы былай деп жазды:

«Мен бірнәрсені түсіндім. Путиннің Украинаға деген ұмтылысын әу баста бағаламау үлкен қателік болды. Путиннің пікірінше, Ресей – ұлы держава, ал ол оның көшбасшысы бола алмайды», - деп атап өтті Бернс.

Таяу Шығыстағы жағдайға түсініктеме бере отырып, Бернс бұл аймақтағы бірде бір мәселе АҚШ-тың қатысуынсыз шешілмейтінін айтты. Ол сондай-ақ жақын арада Израиль араб мемлекеттерімен қарым-қатынасты қалпына келтіреді деп санаймын, сонымен қатар Палестина халқы өз мемлекетіне ие болады деген үміт білдірді.

«Таяу Шығыста соңғы 40 жылда дәл осындай ауыр жағдайды көрмедім. Палестина халқы мемлекет ретінде қалыптасады деп үміттенемін», – деп Бернс мақаласында жазды.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02