ХАМАС-Израиль: соғыс қандай жағдайда тоқтауы мүмкін?

АҚШ Израильді ХАМАС-пен бітімге келуге мәжбүрлеп отыр

АҚШ өкілдері Газа секторындағы қақтығысты шешу үшін атысты алты аптаға тоқтатуды талап етіп отыр. Олар осы үзілістен кейін Израильдің бұрынғы күшпен қайта соғысқа шығуы қиынға соғады деп санайды. Сол сияқты үзіліс уақытында екі тарап тұтқындарды үш кезең бойынша босатуы тиіс. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі EADaily басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Сондай-ақ басылым Израиль билігі мен ХАМАС қозғалысының басшылығы арасында жасалатын келісім бойынша кепілге алынғандарды босату алты апталық үзілістен кейін ғана басталатынын хабарлады.

Агенттіктің мәліметіне сәйкес, Орталық барлау басқармасының директоры Уильям Бернс бастаған келіссөз жүргізушілер Израильге ұзақ үзілістен кейін қазіргі қарқында соғысты қайта бастау қиынға соғады деп мәлімдейді.

Сол сияқты АҚШ өкілдерінің айтуынша Иерусалимдегі тұтқындар толық босатылғаннан кейін негізгі қақтығыс арнайы шектеулер енгізілетін кезең бойынша өтеді.

Келіссөздерде не қарастырылған?

Араб шенеуніктері кейбір кедергілер бұл келісімді болдырмауы мүмкін деп отыр. Дегенмен бұл қиындықтар шешімін тапса, келісімді 7-10 күн ішінде жүзеге асыруға болады деп санайды. Басылым сонымен қатар Парижде жабық кездесуде Израильдің сыртқы барлау қызметі – «Моссад» директоры Дэвид Барнеа осы келісімге қол қойғанын жазды.

Келісімге сәйкес, бірінші кезеңде Израильдің Палестина анклавындағы әскери операцияларын, оның ішінде ұшқышсыз ұшатын техникалар арқылы бақылауды тоқтату мәселесі қарастырылған. Ал ХАМАС осы уақытта кепілге алынғандардың басын біріктіруі қажет.

«Кепілге алынған азаматтар, оның ішінде қарттар, науқастар мен балалар босатылады», - деп атап өтті басылым.

Бірінші кезең сәтті өтсе, екінші кезең израильдік әскери әйелдерді босатудан басталады. Сонымен қатар, Газаға көбірек гуманитарлық көмек жіберіледі. Сол сияқты бұл келісім ауруханалардың, су қызметі мен наубайханалардың жұмысына кепілдік береді. Атысты тоқтатудың үшінші кезеңінде ХАМАС кепілде отырған израильдік ер сарбаздарды босатады әрі қаза болған кепілге алынғандардың денелерін тапсырады.

ХАМАС ұйымы Израиль түрмелерінде отырған палестиналықтардың кезең-кезеңімен босатылуына келісті. Сол сияқты келіссөздің бірінші кезеңінде ХАМАС ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылған палестиналық тұтқындарды босатуды талап етпейді.

ХАМАС қанша израильдікті тұтқында ұстап отыр?

Алты апталық үзіліс мәселесі қарастырылғанмен, соғысты толықтай тоқтатып, әскерді Газа аумағынан шығару әлі жоспарға енгізілмеген.

Қазір ХАМАС Изарильдің 130-дан астам адамын кепілде ұстап отыр.

Айта кетерлік тағы бір мәселе, осыған дейін ХАМАС ұйымы соғыс толықтай тоқтаған жағдайда ғана келіссөз жүргізуге болатынын хабарлаған. Ал Израиль тарапы бұл ұсыныстан үзілді-кесілді бас тартқан болатын.

Екі тарап арасындағы қақтығыс басталғалы бері 25900 палестиналық қаза болды. Олардың арасында 11 мыңнан астам бейкүнә сәби және 7 мыңнан аса әйел адам бар. Сол сияқты 65 мыңнан аса палестиналық түрлі деңгейде жарақат алды.

__Последние новости

  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

Кеше, 12:54
Админ
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39
  • Басты назарда

Қабілетіне қанат бітірген азамат

14/11/2024 - 14:22