Хуситтер Ұлыбританияның сауда кемесін атқылады

Хуситтер Қызыл теңіздегі бұл әрекетін Газа секторындағы палестиналықтарға көмектесу үшін жасайтынын хабарлады

Йемендік хуситтер Ұлыбританияның теңіз қауіпсіздігін қамтамасыз ететін Ambrey компаниясының Қызыл теңіздегі сауда кемесін зымыранмен атқылады. Салдарынан кеме бортында жарылыс болды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі EADaily агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Йеменнен атылған зымыран жағалауда тұрған сауда кемесіне тиді», - деп жазды Ambrey компаниясы.

Осыған дейін Йеменнің солтүстігін басқаратын хуситтер Израильге бет алған америкалық сауда кемесін зымыранмен атқылаған болатын. Алайда көп ұзамай америкалық әскерилер хуситтер ұшырған зымыранның жойылғанын мәлімдеді.

Айта кетейік, хуситтер Қызыл теңіздегі бұл әрекетін Газа секторындағы палестиналықтарға көмектесу үшін жасайтынын хабарлады.

EurAsia Daily басылымының жазуынша, араб және өзге де мұсылман елдері ескерту жасаған. Бұл ескертуде Израильдің Газа секторындағы әрекетіне кез келген елдің қолдау көрсетуі қақтығыстың бүкіл аймаққа таралуына алып келетіні айтылған.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02