Запастағы офицерлер не себепті шақырылатыны айтылды

Запастағы офицерлерді әлеуметтік қамсыздандыру деңгейі келісімшарт жасасқан офицерлерге теңестірілген

Қазақстан әскерінің қатары запастағы офицерлермен толықпақ. Запастағы офицерлерді шақырудағы негізгі мақсат – офицерлерлік құрамдағы лауазымдардың толық жасақталмауы. Бұл туралы Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Әскерге шақыру «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңның 32-бабына сәйкес жүзеге асырылады. Запастағы офицерлерге қойылатын негізгі талап – 29 жастан аспаған (медицина қызметінің запастағы офицерлері үшін 32 жасқа дейін), денсаулығы әскери қызметке жарамды және талап етілетін әскери-есептік мамандығы болуы керек. Әскери қызмет өткерген запастағы офицерлер әскерге шақырылудан босатылады.

«2024 жылы медициналық, авиациялық, инженерлік, артиллериялық, радиотехникалық, тәрбие-идеологиялық, тылдық, әскери-көліктік, ақпараттық және барлау сияқты неғұрлым талап етілетін әскери-есептік мамандықтар бойынша шақыру жүргізілетін болады.

Кейбір жағдайларда запастағы офицерлерді шақыру аумақтық жинақтау принципін ескере отырып, яғни әскери қызметке шақырылатын офицерлердің әскери есепке алу немесе тұрақты тұру орны бойынша өтетін болады. Шақыруға мүдделі үміткерлерге және жұмысқа орналаспаған запастағы офицерлерге басымдық беріледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасында 2024 жылы запастағы 600 офицерді Қарулы күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға (Шекара қызметі – 80, Ұлттық ұлан – 42, Төтенше жағдайлар министрлігі – 30) 152 офицерді шақыру көзделген. Запастағы офицерлерді іріктеуді барлық қажетті іріктеу шараларын ұйымдастыратын жергілікті әскери басқару органдары жүзеге асырады», - делінген министрлік хабарламасында.

Әскери қызмет өткеру саласындағы заңнамаға сәйкес запастағы офицерлерді әлеуметтік қамсыздандыру деңгейі келісімшарт жасасқан офицерлерге теңестірілген. Әскери қызмет өткеру кезеңінде олар толық көлемдегі ақшалай үлеспен, тұрғын үй төлемдерімен, заттай мүлікпен, тамақпен, медициналық көмекпен және үлестің басқа да түрлерімен қамтамасыз етіледі.

Әскери қызмет өткеру үшін шақырылатын запастағы офицерлер санын ұлғайту Қарулы күштердің жауынгерлік әзірлігін арттыруға және әскери-есептік мамандығы бойынша әскери оқытылған резервті жинақтауға бағытталған.

Айта кетейік, 30 қаңтар күні запастағы 752 офицердің екі жылға әскери қызметке шақырылатыны туралы хабарланған болатын.

__Последние новости

  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

Кеше, 12:54
Админ
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39
  • Басты назарда

Қабілетіне қанат бітірген азамат

14/11/2024 - 14:22