Қорғаныс университеті атауынан Тұңғыш Президент – Елбасы сөздері алынып тасталады

Бұйрық жобасының толық мәтіні «Электрондық үкімет» порталында жарияланған

Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери қызметшілеріне сыныптық біліктікті айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2018 жылғы 2 шілдедегі № 442 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» қорғаныс ведомствосы басшысының бұйрық жобасын дайындады. Бұл туралы Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

ҚР Қарулы күштері әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілікті айқындау қағидаларының 6-тармағы 1) тармақшасына және 7-тармағына «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің атауынан «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы» деген сөз тіркесін алып тастауға байланысты өзгерістер енгізіледі.

Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде биылғы жылдың 13 ақпанына дейін танысуға болады.

Айта кетейік, жуырда Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші аталмыш оқу орнының алдынан алынып тасталған болатын.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02