Владимир Путин президенттікке кандидат ретінде тіркелді

Ресей Федерациясында президентін сайлауы 15-17 наурыз күндері өтеді

Ресей Федерациясының Орталық сайлау комиссиясы Ресей Федерациясының президенттігіне кандидат ретінде өзін-өзі ұсынған, қазіргі мемлекет басшысы Владимир Путинді тіркеді. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Бірауыздан қабылданды», - деді комиссия басшысы Элла Памфилова.

Өз кезегінде Ресей Федерациясының ОСК хатшысы Наталья Бударина мәлім еткендей, Путинді қолдаған 315 мың қолдың ішінен 60 мың адам кездейсоқ тексерілді. Жүргізілген тексеру нәтижесінде 60 мыңның ішінде 91 қол жарамсыз деп танылды. Осылайша, жарамсыз 91 қолтаңба тексерілгендердің 0,15% құрайды», - деді ол.

Наталья Бударинаның айтуынша, өзге жалған қолдар жоқ. Осылайша, сайлаушылардың ұсынылған сенімді және жарамды қолдарының саны – 314 мың 909. Бұл кандидатты тіркеу үшін жеткілікті.

Владимир Путин президент сайлауына тіркелген төртінші кандидат болды. Осыған дейін ОСК үш парламенттік партияның өкілдерін – Леонид Слуцкийді (ЛДПР), Владислав Даванковты («Новые люди») және Николай Харитоновты (КПРФ) тіркеді. Бұл Владимир Путиннің саяси карьерасында бесінші сайлау болады. Осыған дейін ол төрт рет президент болып сайланған (2000, 2004, 2012, 2018). Ал ең жоғары дауыс жинау 2018 жылы көрсетілді (76,69%).

 Айта кетейік, Ресей Федерациясында президентін сайлауы 15-17 наурыз күндері өтеді.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ШЫРАЙЛЫ ШЫҒЫСТАҒЫ ПРЕСС-ТУР

30/10/2025 - 10:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АРМИЯМЫЗДЫҢ «АЙБЫНЫ»

28/10/2025 - 15:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Сарбаз» – сүйікті газетіміз

28/10/2025 - 10:18
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАЙЛАНЫСЫМДЫ ҮЗБЕГЕН БАСЫЛЫМ

27/10/2025 - 10:17
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ӨМІРДІҢ АЙНАСЫ

25/10/2025 - 17:17
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Алдын алу жұмыстары нығайып келеді

23/10/2025 - 10:41