Әскери медициналық мекемеде жемқорлықпен күрес қалай жүріп жатыр?

Әскери медициналық мекемеде жемқорлықтың алдын алу әдістері талқыланды

Қорғаныс министрлігінің Бас әскери клиникалық госпиталінде әскери полиция өкілдерімен кездесу өтті. Бұл туралы Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Іс-шараға Бас әскери клиникалық госпиталь, әскери емхана және орталық әскери-дәрігерлік комиссияның басшылығы мен мамандары қатысты.

Кездесу барысында Әскери полиция бас басқармасы алдын алу басқармасының бастығы әділет полковнигі Ертай Ералин сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі құрамдас бөлігі алдын алу шаралары болып саналатынын атап өтті.

– Әскери қызмет – мемлекеттік қызметтің ерекше түрі, сондықтан сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол бермеу бойынша пәрменді шаралар қабылдануы тиіс. Біздің мақсатымыз сіздерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын жеткізу және осы бағытта қорғаныс ведомствосында жүргізіліп жатқан жұмыстарын жеткізу, – деді Е.Ералин.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның талаптарын ескере отырып, кездесуге қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттардың сақталуы жөнінде толық түсініктемелер берілді. Оларға басқару шешімдерін дайындау және қабылдау, кадрларды іріктеу және орналастыру, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудағы құқықтық қатынастар ережелері кіреді.

Құқық қорғау органы атап өткендей, «әлеуметтік дерттің», яғни сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне бей-жай қарамау, оған жол бермеу арқылы жеңуге болады.

Пікір алмасқаннан кейін медициналық мекемелер мен әскери-дәрігерлік комиссиялардың лауазымды тұлғалары өз қызметінде басшылыққа алатын қосымша ұсынымдар әзірледі.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

Кеше, 16:30
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ БАҒЫТТАҒАН БАСЫЛЫМ

Кеше, 15:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН ҚҰРДАС

22/12/2025 - 21:24
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК ҚҰРАЛЫ

21/12/2025 - 21:20
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАСПАСӨЗ ТАРИХТА ҚАЛАДЫ

20/12/2025 - 10:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Аталар сөзі – өсиет

19/12/2025 - 13:16
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл

18/12/2025 - 11:12
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға адал қызметтің үлгісі

17/12/2025 - 15:06
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ МҰРАТЫ

16/12/2025 - 09:01
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30