АҚШ Иранға соққы жасауы мүмкін – Bloomberg

АҚШ әскерилерінің қаза табуы Иранмен қақтығысқа әкеледі деген болжам бар

Ануар Маратов

АҚШ әскери қызметкерлерінің өліміне қарсы жауап ретінде Иранға соққы жасауы мүмкін. Бұл туралы Sarbaz.kz тілішсі Bloomberg-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Bloomberg дереккөзінің айтуы бойынша бұл соққы бұрынғыға қарағанда неғұрлым күшті болады. 

«АҚШ-тың Иранға соққы беруі кезінде жасырын әрекеттер болуы мүмкін. Трамп 2020 жылы Бағдатта генерал Касем Сулейманиді өлтіруге бұйрық берген секілді, Байден әкімшілігі Иран шенеуніктеріне тікелей соққы беруі мүмкін», – деп жазады басылым.

Басылымның мәліметінше бұл аймақтық қақтығысты тудыруы мүмкін. 

«Біз Иранның шабуылы туралы әлі де нақты фактілер жинап жатырмыз. Дегенмен, оны Иран қолдау көрсететін – Сирия мен Ирактағы радикалды топтар орындағанын жақсы білеміз», – деді президент Байден Ақ үйдің ресми мәлімдемесінде. 

АҚШ-тың қорғаныс министрі Иран қолдау көрсететін топтарды айыптады және «кез келген уақытта және кез келген жерде» оларға соққы жасайтынын ескертті.

Естеріңізге сала кетейік, 28 қаңтарда Иорданиядағы АҚШ-тың әскери базасына шабуыл кезінде 3 америкалық қаза тауып, 34 адам жарақат алды. Бұл шабуылды «Ирактың исламдық қарсыласу» ұйымы өз мойнына алды. Бұл ұйым Ирактағы Иранды қолдайтын түрлі шииттік топтардың бірлестігі болып саналады. Оның ішіне «Хашд аш Шааби», «Катаиб Хезболлах», «Харакят ан Нуджаба», «Асаиб аль Хак» және т.б. топтар кіреді. 

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02