Қаңтар оқиғасында қираған Алматы әкімдігінің ғимараты қалпына келтірілді

Президент Алматы қаласының әкімдігіне барды

Мемлекет басшысы Алматы қаласына жұмыс сапары барысында Қаңтар оқиғасынан кейін қайта қалпына келтірілген қала әкімдігінің ғимаратын аралап көрді. Бұл туралы Sarbaz.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа реконструкция кезінде әкімдік ғимаратының энергетикалық тиімділігін едәуір арттыруға ықпал еткен заманауи материалдар мен технологиялар қолданылғаны туралы баяндалды. Ғимараттың тарихи мәнін ескере отырып, оның архитектуралық келбетін сақтау туралы шешім қабылданды. Мәрмәрлі қасбеттер, жезбен және табиғи тастармен безендірілген ішкі сәндік элементтер бұрынғы қалпына келтірілді.

Реконструкция жұмыстары толығымен аяқталған үш павильонға былтыр қазан айынан бастап қала әкімдігінің аппараты мен 14 басқармасы орналасты.

Президентке өрттен қатты зардап шеккен №4 павильонда жөндеу жұмыстары жалғасып жатқаны туралы мәлімет берілді. Күмбезді ұстап тұратын қондырғылар мен темір конструкция жоғары температураның әсерінен түгелдей зақымданған. Сондықтан күмбезді толықтай қайта жөндеуге тура келді. Қазір бұрынғысына қарағанда әлдеқайда жеңіл, жаңа конструкция орнатылған. Құрылыс жұмыстарын ақпан айының соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19