Израиль шабуылы, тәуелсіздік, аумақтық тұтастық: Астанада Сирия бойынша қандай мәселелер қаралды?

Сирия бойынша 22-ші халықаралық кездесу Астанада 2024 жылдың екінші жартысында өтеді

Ануар Маратов

ҚР Сыртқы істер вице-министрі Әлібек Бақаев келіссөздер қорытындысы бойынша пленарлық отырыста Иран, Ресей және Түркия өкілдерінің бірлескен мәлімдемесін оқыды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі хабарлайды. 

Бірлескен мәлімдеменің мәтінінде Иран Ислам Республикасының, Ресей Федерациясының және Түркия Республикасының «Астана форматындағы» кепіл елдері ретіндегі өкілдері атап өтілді.

Әлемдегі және өңірдегі ахуалдың дамуын қарастырып, Сирия дағдарысын орнықты реттеуді ілгерілеудегі «Астана процесінің» жетекші рөлін айтылды.

Қатысушылар жиын қорытындысы бойынша мынаны атап өтті: Палестина-Израиль қақтығысының шиеленісуі Сирия Араб Республикасындағы жағдайға кері әсерін тигізеді. Қарулы қақтығыс аймағының кеңеюіне және оған өңірдің басқа мемлекеттерінің тартылуына жол бермеудің маңыздылығы айтылды.

Тараптар сонымен қатар, терроризммен күресу, сириялықтардың қауіпсіз, ерікті және лайықты оралуы үшін тиісті жағдайлар жасау мақсатында өзара сыйластық, ізгі ниет және тату көршілік негізінде Түркия мен Сирия арасындағы қарым-қатынасты қалпына келтіру бойынша күш-жігерді жалғастырудың маңыздылығын атап өтті. Сол сияқты Сирияның егемендігі мен аумақтық тұтастығына нұқсан келтіруге бағытталған сепаратистік жоспарларға қарсы тұру және оның барлық нысандары мен көріністерінде терроризммен күресу мақсатында өзара іс-қимылды жалғастыруға бел буды

Бұдан бөлек Идлиб қаласының құлдырау аймағындағы жағдайды егжей-тегжейлі қарастырып, барлық келісімдерді толық орындау арқылы тыныштықты сақтау қажеттілігі қозғалды. Олар Сирияның солтүстік-шығысындағы жағдайды талқылады және осы аймақта тұрақты қауіпсіздік пен тұрақтылыққа қол жеткізу тек осы елдің егемендігі мен аумақтық тұтастығын сақтау негізінде мүмкін болатынына тоқталды.

Халықтың жекелеген этно-конфессиялық топтарының террористік және сепаратистік ұмтылыстарын қолдау және оларды қаруландыру жөніндегі кез келген елдің кез келген қызметін айыптады. Әсіресе Сириядағы Израильдің барлық әскери шабуылдары айыпталды. Бұл әрекеттер Сирияның халықаралық құқығын, халықаралық гуманитарлық құқығын, егемендігі мен аумақтық тұтастығын бұзды деп санады.

Сол сияқты жиын барысында 2023 жылғы 6 ақпандағы жойқын жер сілкінісінің салдарынан Сириядағы гуманитарлық жағдай да назардан тыс қалмады. Тиісінше гуманитарлық көмек көрсетуді жалғастыру мен көлемін ұлғайтудың маңыздылығы айтылды.

Жиынға қатысушылар кездесу соңында мынаны атап өтті:

Сирияның гуманитарлық ахуалын жақсартуға және саяси реттеу үдерісіндегі ілгерілеуге жәрдемдесу мақсатында халықаралық қауымдастықты, БҰҰ мен оның гуманитарлық агенттіктерін барлық сириялықтарға көмек көрсетуге шақырды; Босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушылардың Сириядағы тұрғылықты жерлеріне қауіпсіз, лайықты және ерікті түрде оралуына жәрдемдесу қажеттігін атап өтті; Ұсталғандар мен ұрланғандарды өзара босату операцияларын жалғастыруға деген шешімдерін растады; Иордания, Ирак және Ливан делегацияларының «Астана форматының» бақылаушылары, сондай-ақ БҰҰ және Қызыл крест өкілдері ретінде қатысуын құптады;

Астанада Сирия бойынша 21-ші халықаралық кездесуді өткізгені үшін қазақстандық билікке шын жүректен ризашылықтарын білдірді. Сол сияқты 2024 жылдың екінші жартысында Астанада Сирия бойынша 22-ші Халықаралық кездесу өткізілетіні хабарланды.

 

__Последние новости

  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

Кеше, 12:54
Админ
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39
  • Басты назарда

Қабілетіне қанат бітірген азамат

14/11/2024 - 14:22