Елімізде теңіз жаяу әскері жауынгерлік дайындықтан қалай өтеді

Бөлімшелердің үйлесімділігі тактикалық тапсырмаларды орындау кезінде тексеріледі

Ақтау гарнизонының мыңнан астам теңіз жаяу әскері жауынгерлік атыстар өткізіп жатыр. Бұл туралы Sarbaz.kz қорғаныс ведомствосының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомствоның мәліметінше, бөлімшелердің жауынгерлік атыс дайындығы тактикалық дайындықты оқытудың ең жоғары түріне жатады, әрі бөлімшелерді жауынгерлік үйлестіру мен атыс жаттығуларының соңғы кезеңі.

Әскери қызметшілер бұған дейін қысқы оқу кезеңіндегі мамандық бойынша дайындық барысында штаттық қару-жарақ пен әскери техниканың тактикалық-техникалық сипаттамаларын зерделеп, саптық және атыс дайындығынан дербес түрде өткен болатын.

– Әскери қызметшілер «Оймаша» полигонында қазіргі заманғы жалпы әскери ұрысты жүргізу, қорғаныс кезінде, шабуылдау мен жергілікті жерді барлау барысында іс-қимыл жасау дағдыларын пысықтап жатыр. Сабақтың үштен бірі түнгі жағдайда өтуде, – деп түсіндірді шабуылдау батальонының командирі майор Фархат Манабаев.

Бөлімшелердің үйлесімділігі тактикалық тапсырмаларды орындау кезінде тексеріледі. Командирлер атысты басқару мен бөлімшерлердің ұрыс қимылдарынан тәжірибе алса, әскери қызметшілер бөлімше құрамындағы іс-қимыл тәртібін бекітеді.

– Жауынгерлік атыстарды орындау кезінде бөлімше командирінің іс-қимылы оның бөлімшені шапшаң, дұрыс және нақты басқару қабілетіне қарай бағаланады, – деп нақтылады батальон командирі.

Жауынгерлік дайындық іс-шараларына 50-ге жуық әскери техника жұмылдырылған. Жауынгерлік дайындықтың келесі кезеңі взводтарды үйлестіру болмақ.

__Последние новости

  • Басты назарда

«Айбын-2025» жиыны басталды

25/06/2025 - 11:02
  • Басты назарда

АЙБЫН-2025» ЖИЫНЫНА БІРІНШІ БОП ЖЕТТІ

21/06/2025 - 09:33
  • Басты назарда

15 сарбаз ант қабылдады

20/06/2025 - 10:41
  • Басты назарда

АСПАН ӘЛЕМІНІҢ ТАРЛАНДАРЫ

19/06/2025 - 10:02
  • Басты назарда

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

16/06/2025 - 14:41
  • Басты назарда

ӘСКЕРИ ТЕХНИКАНЫҢ ШЕБЕР МАМАНЫ

14/06/2025 - 10:52
  • Басты назарда

Бірлестіктің төрағасы сайланды

11/06/2025 - 07:48
  • Басты назарда

ЖЫР-ТАРТУ: ТӘУЕЛСІЗДІК – ТҰҒЫРЫМ

08/06/2025 - 15:28