«Күш-қуатын үнемі жетілдіру қажет»: әйгілі рекордшы ұландарға кеңес берді

Әскери колледж ұландары Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдерімен кездесті

Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжде Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Акбаржон Исмаилов пен ҚХА мүшесі, қазақ батырларының дәстүрлерін жалғастырушы Сергей Цырульниковтің кездесуі өтті. Бұл туралы Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ақбаржон Исмаилов кездесуге қатысушыларға қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі жөнінде айтып берді. Спикер жалпыұлттық бірлік пен ынтымақ кез келген қиындықты жеңуге және табысқа жетуге болатынын атап өтті.    

Ассамблея мүшелері оқушылармен, студенттермен, ауыл жастарымен мотивациялық кездесулерді тұрақты түрде өткізеді. Олардың қызметі жас ұрпақты әскери-патриоттық тәрбиелеуге, Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға, бұқаралық спортты дамытуға, ауыл мектептеріне көмек көрсетуге және қайырымдылыққа бағытталған.

– Батылдық, алыптық, ел-жұрт үшін өзінің жанын беруге дайын болу – бұл қасиеттер жауынгерді жігерлендіреді. Нағыз Отан қорғаушы болу үшін өзінің зияткерлік және күш-қуат әлеуетін үнемі жетілдіріп отыру қажет, сонда ғана нәтижеге жетесіз, – деді Сергей Цырульников. 

Күштік жаттығулар колледж тәрбиеленушілеріне ұмытылмас әсер қалдырды. Алып күш иесі салмағы 970 келіні көтеруге шыдайтын калибрленген тағаны майыстырып қана қоймай, оны бірнеше рет бұрады. Осылайша ол қазақтың даңқты палуаны Қажымұқан Мұнайтпасовтың жасағанын қайталады. Бұдан бөлек 300 келіге шыдас беретін күші бар эспандер спортшының қайратына бағынды, содан кейін ол көп күш жұмсамай, шегелерден жүрекшелер жасап, оны ұландарға естелік ретінде сыйға тартты. 

Өз кезегінде жас жігіттер де атақты рекордшының істегенін қайталауға тырысты. Бірақ олар жеке де, бірге де қайталай алмады.

Әскери колледждің тәрбиеленушісі, еркін күрестен спорт шебері және дзюдодан спорт шеберіне кандидат Дінмұхамед Әнуарбек палуанның қара күшіне таңданғанын жасырмады.

– Мен тағаны майыстыруға, эспандерді қысуға тырыстым, бірақ әлі де діттеген нәтижеге жете алмадым. Батырдың үлгісі шынымен шабыттандырады. Спортшы ретінде бұл қарқынды жаттығулардың, керемет табандылық пен ақыл-ойдың нәтижесі екенін түсінемін. Ол өзінің күштік нөмірлері арқылы тарихымыз бен қазақтың даңқты батырларын дәріптейді, – деді ол. 

Сергей Цырульниковтың жетістіктері Гиннестің рекордтар кітабына енгізілгенін атап өткен жөн. Ол ТМД-дағы алғашқы «изометрия» жаттығулары мектебінің негізін қалаушы және көптеген ерекше әлеуметтік жобалардың авторы.

__Последние новости

  • Басты назарда

Оқу-әдістемелік жиын

Кеше, 10:27
Админ
  • Басты назарда

ӘСКЕРИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЯ ТҮСЕДІ

23/11/2024 - 10:21
  • Басты назарда

Білімі мен біліктілігі жарасқан

22/11/2024 - 10:35
  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

21/11/2024 - 12:54
  • Басты назарда

Адал болуға ант берді

21/11/2024 - 12:24
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59