«Бас жарақаты, аяқ-қолдың созылуы»: зілзаладан зардап шеккендердің жағдайы қандай?

Жер сілкінісі кезінде екінші және үшінші қабаттан секіріп кеткен 3 адам жарақат алған

Денсаулық сақтау министрлігі Алматы қаласында болған қуатты жер сілкінісінен зардап шеккендер қандай жағдайда түскенін мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Түнгі сағат 1-ден бастап бүгінгі таңертеңге Алматыда бас жарақаты, соғылу, аяқ-қолдың созылуы сияқты жеңіл және орташа ауырлықтағы түрлі жарақаттары бар 44 адам медициналық көмекке жүгінді. Бұл туралы Sarbaz.kz Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомствоның хабарлауынша әртүрлі көрсетілімдермен олар қаланың стационарларына жеткізілді, оның ішінде 34 ересек адам бар, оның 3-еуі емдеуге жатқызылды, 31 адам амбулаториялық емделуге жіберілді.

«Сол сияқты 10 бала медициналық көмек алды, оның 5-еуі емдеуге жатқызылды, 5-еуі амбулаториялық емге жіберілді. Барлық пациенттер қаланың емдеу мекемелерінде білікті медициналық көмекпен қамтамасыз етілді.

Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы жедел медициналық жәрдем қызметі мен барлық көпбейінді стационарлар, оның ішінде мамандандырылған стационарлар, балалар стационарлары, қаланың босандыру ұйымдары күшейтілген режимде жұмыс істеп жатқанын хабарлағанын естеріңізге сала кетейік», - делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

Айта кетейік, осыған дейін қалалық денсаулық сақтау басқармасы жер сілкінісі кезінде екінші және үшінші қабаттан секіріп кеткен 3 адам жарақат алғанын хабарлады. Зардап шеккен екі адам амбулаториялық емделуге жіберілді. Дәрігерлер үшінші науқастың жағдайы ауыр екенін мәлімдеді. Ол қазір ауруханаға жатқызылды.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02