Алматыда қуатты зілзала қайталануы мүмкін бе?

Жедел штабтарда ұйымдастырылған жедел желі телефондарына азаматтардан 377 қоңырау келіп түсті

Дағдарыс жағдайларында басқару орталығында төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтың төрағалығымен Республикалық жедел штабтың кезектен тыс отырысы өтті. «Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық жағдайды бағалауына сәйкес жақын арада Алматы болжамдық полигонының аумағында MSK-64K сейсмикалық шкаласы бойынша қарқындылығы 7 балдан асатын жер сілкінісі күтілмейді. Бұл туралы Sarbaz.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жедел штабтарда ұйымдастырылған жедел желі телефондарына азаматтардан 377 қоңырау келіп түсті.

«Қазселденқорғау» ММ ақпаратына сәйкес Алматы қаласы, Алматы, Жамбыл, Түркістан және Жетісу облыстары бойынша барлық бекеттер бақылау мен деректерді берудің жеделдетілген режиміне ауыстырылды. Бекеттердің жалпы саны – 76. Жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша жер сілкінісі селден қорғау құрылыстарына теріс әсер еткен жоқ. Су режимінде ешқандай өзгеріс жоқ. Сырғымалар мен көшкіндердің жүруі туралы ақпарат түскен жоқ. Тексерулер жалғасуда.

«ҚР Қарулы Күштерінің күштері мен құралдары тұрақты орналасу пунктерінде.

Көлік қызметі Алматы қаласының әуежайы штаттық режимде жұмыс істейтінін хабарлады. Қазіргі жағдайда кезекші ауысым күтпеген жағдайлар жоспарына сәйкес әрекет етті.

Қоғамдық тәртіпті сақтау қызметінің күштері мен құралдары қызмет атқарудың күшейтілген нұсқасына ауыстырылды.

Отырыс соңында ТЖ министрі тиісті азаматтық қорғау қызметтеріне бірқатар тапсырмалар берді», - делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.

__Последние новости

  • Басты назарда

Тактикалық-арнайы жаттығу

Бүгін, 09:14
Админ
  • Басты назарда

Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы

Кеше, 10:56
  • Басты назарда

«Жігіт сұлтаны» байқауы

14/04/2025 - 16:00
  • Басты назарда

127 сарбаз запасқа шықты

14/04/2025 - 15:13
  • Басты назарда

«Наурыз» жарысы

13/04/2025 - 16:59
  • Басты назарда

Әскери бөлімдегі алдын-алу шарасы

13/04/2025 - 15:18
  • Басты назарда

Гарнизондағы түсіндіру сабағы

13/04/2025 - 15:17
  • Басты назарда

Тарихи танымын кеңейтті

13/04/2025 - 11:52
  • Басты назарда

Әскери бөлімнің мерейтойы

12/04/2025 - 17:57
  • Басты назарда

Жауынгерлік техника мұражайы ашылады

12/04/2025 - 10:45
  • Басты назарда

Семейден Ақтауға аттанды

12/04/2025 - 10:09
  • Басты назарда

Самбо – өзін-өзі қорғау өнері

11/04/2025 - 14:42
  • Басты назарда

Парадқа дайындық барысы тексерілді

11/04/2025 - 14:39