СҚО-да 90-ға жуық ауылды су басып қалуы мүмкін

Ұлттық ұлан сарбаздары мен полиция қызметкерлерінен 475 адамнан тұратын арнайы құрам жасақталады

Солтүстік Қазақстан облысында биыл 87 ауылды су басып қалуы мүмкін. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Qazaqstan Media-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Биыл өңірде қар қалың жауды. Сондай-ақ оның құрамындағы ылғалдың мөлшері нормадан бірнеше есе көп. Әрі қатты аяздың салдарынан жердің тоңы бір метрге дейін қатып қалған. Яғни, күн күрт жылынса, еріген қар суы сіңбей, жан-жаққа жайылуы ықтимал.

«Қазгидромет» мамандары күніне екі мәрте Есіл өзініне шығып, мұздың қалыңдығы мен ағыстың жылдамдығын өлшейді. Әрі ауылдарды аралап, қардың тығыздығын тексеретін көрінеді. Синоптиктердің айтуынша, кей жерлерде ақ ұлпа құрамындағы ылғалдың мөлшері былтырға қарағанда алты есе көп.

«Биыл өңірде қар кеш жауды. Ал оның құрамындағы ылғалдың мөлшері шамадан тыс жоғары. Бұл – көктемде су көп болады деген сөз. Дегенмен біз наурызда нақты гидрологиялық болжам жасайтын боламыз», - дейді «Қазгидромет» МКК СҚОФ директоры Қымбат Мерғалымова.

Өңірде қараша мен желтоқсанда жаңбыр жауды. Соның салдарынан жердің беті 121 сантиметрге дейін қатып қалған. Сондықтан құтқарушылар 87 ауылды қатаң бақылауға алды. Олардың көбі су қоймаларының маңында орналасқан. Аталған ауылдарда бүгінде бес мыңнан астам адам тұрады.

«Ақпан айынан бастап, біз дайындық жұмыстарын күшейтетін боламыз. Жедел штаб құралады. Күн жылыған соң өзен-көлдерде мұз жарамыз. Ұлттық ұлан сарбаздары мен полиция қызметкерлерінен 475 адамнан тұратын арнайы құрам жасақталады. Бұдан бөлек, 135 техника дайын тұр», – деді ТЖД бөлімі бастығының міндетін атқарушы Ернар Рүстем.

Қаңтар, ақпан, наурыз айы да жауын-шашынды болады деген болжам бар. Сол себепті жергілікті атқарушы билік өкілдері қар шығару жұмысын күшейту керектігін ескертеді. Осы күнге дейін өңір ауылдарынан 215 мың текше метрден астам ақ ұлпа шығарылған.

__Последние новости

  • Басты назарда

Оқу-әдістемелік жиын

Кеше, 10:27
Админ
  • Басты назарда

ӘСКЕРИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЯ ТҮСЕДІ

23/11/2024 - 10:21
  • Басты назарда

Білімі мен біліктілігі жарасқан

22/11/2024 - 10:35
  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

21/11/2024 - 12:54
  • Басты назарда

Адал болуға ант берді

21/11/2024 - 12:24
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59