«Болашақ аспанда»: Түркияның тұңғыш ғарышкеры сапарын Ататүріктің сөзімен бастады

Алпер Гезеравжы Халықаралық ғарыш станциясында 14 күн бойы 13 түрлі ғылыми тәжірибе жасайды

Түркияның тұңғыш ғарышкері Алпер Гезеравжы ғарыш сапарындағы алғашқы сөзін Ататүріктің сөзімен бастады, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі TRT агенттігіне сілтеме жасап.

«SpaceX» ғарыш кемесінің мүшелерімен бірге Түркияның тұңғыш ғарышкері Алпер Гезеравжы Америка Құрама Штаттарының Кеннеди ғарыш орталығынан сәтті ұшырылды.

Флоридадағы Кеннеди ғарыш орталығындағы 39А ұшыру кешенінен Түркияның тұңғыш ғарышкері Гезеравжының ғарыш сапары басталды.

Халықаралық ғарыш станциясына сапарын бастаған «Dragon» капсуласындағы «Ax-3» командасы «SpaceX»-тің «X» әлеуметтік желісіндегі аккаунтында тікелей эфирге шықты.

«Мен Түркияның ғарыштық миссиясы үшін тұңғыш түрік ғарышқа қадам басқан кезде Ұлы Ататүріктің сөздерімен бастағым келеді. Түркия Республикасының негізін қалаушы Мұстафа Кемал Ататүріктің дана сөзі: «Болашақ аспанда», - деді Гезеравжы.

«Түркияның түңғыш ғарышкері» атанған Гезеравжы Халықаралық ғарыш станциясында 14 күн бойы 13 түрлі ғылыми тәжірибе жасайды. Түрік ғарышкері микрогравитация, ғарыштағы адам денсаулығы, Тұл көл өсімдігінің ғарыштағы жағдайын зерттеу және нөлдік гравитация ортасындағы қатты сұйықтық қоспаларын зерттеу сияқты салаларда ғылыми жобалар бойынша тәжірибелер жүргізеді.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ШЫРАЙЛЫ ШЫҒЫСТАҒЫ ПРЕСС-ТУР

30/10/2025 - 10:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АРМИЯМЫЗДЫҢ «АЙБЫНЫ»

28/10/2025 - 15:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Сарбаз» – сүйікті газетіміз

28/10/2025 - 10:18
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАЙЛАНЫСЫМДЫ ҮЗБЕГЕН БАСЫЛЫМ

27/10/2025 - 10:17
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ӨМІРДІҢ АЙНАСЫ

25/10/2025 - 17:17