Қазақстанның бітімгерлері Таяу Шығысқа жіберіледі

Олардың қай аймақтарға жіберілетіні айтылды

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Парламент Палаталарының бірлескен отырысында Қазақстанның тұңғыш дербес бітімгершілік контингентіне әскери қызметкерлер жұмылдырылатынын мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«Конституцияның 53-бабының 5-тармақшасы бойынша, БҰҰ мынадай миссиясына:

Бірінші Голан биіктігінде бөлінуді бақылау күштеріне;

Екінші – бітімге келу шарттарының орындалуын байқау органына;

Үшінші – Оңтүстік Судан Республикасындағы миссияға;

Төртінші – әуедегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету уақытша күштеріне қатысу үшін саны 430 адамнан аспайтын контингентті жіберу туралы ұсыныс енгізіледі», - деді министр.

__Последние новости