Қаруын қылқаламға алмастырған: Ұлттық ұлан ардагері 500-ден астам суреттің авторы атанды

Қылқалам шебері көбіне туындыларына табиғат тақыбырын арқау етеді

Сексеннің сеңгіріне шыққан қария Любик Чикинов 500-ге жуық суреттің авторы атанды. Бұл туралы Sarbaz.kz «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қолындағы қаруын қылқаламға алмастырған жасамыс алғашқы туындысын сүйген жарына  арнапты. Өнерпаздың бұл суретінде айдын көлде жүзген қос аққу бейнеленген. Зейнеткер аққуды салу арқылы махаббаттың мәңгілік екендігін көрермен қауымға баяндағысы келеді.

«Менің жұбайым осыдан он жыл бұрын көз жұмды. Асыл жарыма деген сағыныш менің қолыма қылқалам мен ақ қағаз алдырып, шығармашылыққа жетеледі. Өткенге көз салсақ, қазіргі дейін 500-ден астам сурет салыппын. Әрбір шығармадан кейін өмірге деген жаңашыл көзқарас пайда болады», - дейді ардагер.

Қылқалам шебері көбіне туындыларына табиғат тақыбырын арқау етеді. Суреттерін сатылымға шығармайды керісінше пәтер ішіндегі қабырғаларға қаз-қатар іліп қойыпты. Ақсақал бейнелеу өнерінен бөлек, өлең жазып, ән де шырқайды.

Саналы ғұмырының отыз жылын әскери салаға арнаған ақсақал қатардағы сарбаздан полк командирінің тәрбие жөніндегі орынбасары лауазымына дейін көтерілген, отставкадағы подполковник. Көнекөз күні бүгінге дейін Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығымен тығыз байланыста.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02