ChatGPT АҚШ-тың қорғаныс министрлігімен бірлесіп, киберқауіпсіздік құралын әзірлеп жатыр

ChatGPT жасаушысы Қорғаныс министрлігімен ынтымақтастықта пайда көреді

Ануар Маратов

OpenAI ғылыми ұйымы Пентагонмен бірлесіп, бірқатар жобаны жүзеге асырып жатыр. Олардың арасында киберқауіпсіздік саласы да бар. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Bloomberg-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

ChatGPT әзірлеушісі АҚШ Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, киберқауіпсіздік құралын әзірлеп жатыр, деп мәлімдеді компанияның жаһандық мәселелер жөніндегі вице-президенті Анна Маканджу Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форумда.

Жақында компания өзінің жасанды интеллектін «әскери қосымшаларда» қолдануға тыйым салатын шарттарынан алып тастады. Анна Маканджу бұл шешімді ChatGPT және оның басқа құралдарын кеңірек пайдалану мәселесімен байланыстырды. Бірақ қару-жарақ жасау, мүліктерді жою немесе адамдарға зиян келтіру үшін OpenAI ұйымының технологияларын пайдалануға тыйым салынады, деді Анна Маканжу.

Microsoft корпорациясы OpenAI-дің ең ірі инвесторы, АҚШ Қарулы Күштеріне және басқа да үкіметтік құрылымдарға бірнеше бағдарламалық келісімшарт ұсынды. OpenAI, Anthropic, Google және Microsoft АҚШ Қорғаныс министрлігінің зерттеу агенттігіне AI Cyber Challenge жобасы арқылы кемшіліктерді автоматты түрде түзететін және инфрақұрылымды кибершабуылдардан қорғайтын бағдарламалық құралды құрауға көмектеседі.

OpenAI өзінің жасанды интеллект құралдарының жалған саяси ақпарат таратуда пайдаланылмауы үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмысын күшейтетінін айтты.

DARPA* – АҚШ Қорғаныс министрлігінің жетілдірілген ғылыми жобалар басқармасы. Қарулы Күштердің пайдасына қолдану үшін жаңа технологияларды әзірлеуге жауапты басқарма. 

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

23/12/2025 - 16:30
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ БАҒЫТТАҒАН БАСЫЛЫМ

23/12/2025 - 15:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН ҚҰРДАС

22/12/2025 - 21:24
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК ҚҰРАЛЫ

21/12/2025 - 21:20
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАСПАСӨЗ ТАРИХТА ҚАЛАДЫ

20/12/2025 - 10:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Аталар сөзі – өсиет

19/12/2025 - 13:16
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл

18/12/2025 - 11:12
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға адал қызметтің үлгісі

17/12/2025 - 15:06
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ МҰРАТЫ

16/12/2025 - 09:01
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30