Руслан Жақсылықов өзінің жаңадан тағайындалған бірінші орынбасарына қандай міндеттер жүктеді

Мемлекет басшысының Өкімімен 2024 жылғы 15 қаңтарда Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қарулы Күштері Бас штабының бастығы болып Қамалетдинов Сұлтан Бүркітбайұлы тағайындалды

Қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов генералдар мен офицерлерге Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштер Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдиновты таныстыра отырып, оған жаңа істе табыс тіледі. Бұл туралы Sarbaz.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Министр Бас штаб пен Қарулы күштер қолбасшылығы генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдиновтың басшылық етуімен орындалатын әскерлердің жауынгерлік әзірлігі мен жауынгерлік қабілетін одан әрі нығайтуға бағытталған бірқатар міндеттерді белгіледі. Ол Сұлтан Бүркітбайұлының жүктелген іске құзыреттілігі, ұйымдастырушылық қасиеттері мен жауапты көзқарасы елдің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғау жөніндегі міндеттерді нәтижелі іске асыру үшін жұмыс істейтініне сенім білдірді.

Одан бөлек министр осы лауазымда кадрлық өзгерістерге дейін қызмет атқарған генерал-лейтенант Марат Құсайыновқа алғысын білдіріп, оның Қарулы күштердің дамуына және елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға қосқан елеулі үлесін атап өтті. 

Естеріңізге сала кетсек, Мемлекет басшысының Өкімімен 2024 жылғы 15 қаңтарда Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қарулы Күштері Бас штабының бастығы болып Қамалетдинов Сұлтан Бүркітбайұлы тағайындалды. Осыған дейін ол Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары қызметін атқарғанын айта кеткен жөн.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

23/12/2025 - 16:30
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ БАҒЫТТАҒАН БАСЫЛЫМ

23/12/2025 - 15:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН ҚҰРДАС

22/12/2025 - 21:24
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК ҚҰРАЛЫ

21/12/2025 - 21:20
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАСПАСӨЗ ТАРИХТА ҚАЛАДЫ

20/12/2025 - 10:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Аталар сөзі – өсиет

19/12/2025 - 13:16
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл

18/12/2025 - 11:12
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға адал қызметтің үлгісі

17/12/2025 - 15:06
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ МҰРАТЫ

16/12/2025 - 09:01
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30