Украинаға бергісі келмей ме: Австралия 50-ге жуық тікұшағын жоятын болды

Мұндай шешімге қауіпсіздік және пайдалану мәселелері себеп болған

Ануар Маратов

Австралия билігі Киевтің өтінішіне қарамастан MRH90 Taipan тікұшақтарын Украинаға жіберудің орнына, оларды жою туралы шешім қабылдады, деп Sarbaz.kz тілшісі ABC-ге сілтеме жасап хабарлайды. 

Австралия 2023 жылдың қыркүйегінде 47 тікұшағын мерзімінен қолданыстан алып тастайтынын мәлімдеді. Мұндай шешімге осы типтегі тікұшақтан төрт адамның қаза табуы себеп болды.

Бастапқыда, тікұшақтар тек 2037 жылдан кейін қызметтен шығарылуы керек болатын. Бірақ көптеген мәселеге байланысты шешім өзгерді. Ел АҚШ-тан MRH90 Taipan орнына келетін 40 дана UH-60M Black Hawk тікұшағын сатып алды.

Taipan-ның қауіпсіздігіне қатысты мәселелерге қарамастан, Киев 19 желтоқсанда Канберраға осы тікұшақтарды беру туралы ресми өтініш жіберген.

Бірақ ABC мәліметіне сүйенсек, Taipan-дарды бөлшектеу процесі басталды. Австралияның қорғаныс министрлігінің өкілі тікұшақтар экологиялық таза түрде жойылатынын айтты.

Украина бұған дейін АҚШ-тан UH-60 Black Hawk және Ұлыбританиядан Sea King сияқты тікұшақтар алған. Латвия, Чехия және басқа мемлекеттер тікұшақтарды Киевке беру туралы уәде берді. Ресей Украинаға беріліп жатқан әскери көмекті айыптап, бұл соғысты созатын әдіс деп мәлімдеді.

Соғыс басталғаннан бері Австралия Украинаға 730 миллион доллар көлемінде көмек көрсетті.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02