«Қарсы соққы жасалады»: Йемен АҚШ пен Ұлыбританияға ескерту жасады

АҚШ пен Ұлыбритания Йеменде әскери операция жүргізіп жатқаны туралы хабарланған

«Аңсар Алла» (хуситтер) қозғалысына бағынатын Йеменнің сыртқы істер министрлігі Америка Құрама Штаттары мен Ұлыбританияға зымыран шабуылы үшін қарсы соққы жасалатынын айтып ескерту жасады. Бұл туралы Йеменнің Сыртқы істер министрінің орынбасары Хусейн әл-Эззи әлеуметтік желіде мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«Біздің ел америкалық және британдық кемелер, сүңгуір қайықтар және әскери ұшақтар арқылы жасалған жаппай агрессивті шабуылға ұшырады. Әрине, Америка мен Ұлыбритания өтемақы төлеп, мойнымен көтеруі керек», — деді Хусейн әл-Эззи.

Айта кетерлігі, конгрессмен, Демократиялық партияның АҚШ Өкілдер палатасының мүшесі Ро Ханна АҚШ президенті Джо Байденді қатаң сынға алды. Ол Джо Байденді Конгресстің келісімінсіз Йеменге шабуыл жасауды бұйырып, заңды бұзды деп мәлімдеді.

АҚШ президенті Джо Байден Америка Құрама Штаттары мен Ұлыбританияның Йемендегі «Ансар Алла» (хуситтер) көтерілісшілерінің позицияларына соққы бергенін растады.

Айта кетейік, АҚШ пен Ұлыбритания Йеменде әскери операция жүргізіп жатқаны туралы хабарланған болатын.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19