Жас сарбаздар тасымалдаушы робот құрастырып, Индонезияда өткен чемпионатта үшінші орын алды

Жарысқа Қазақстан, Америка, Индонезия, Австралия, Малайзия елдерінен барлығы 30 команда қатысты

Индонезияның Депок қаласында робототехникадан FIRST Tech Challenge халықаралық ашық ойындары өтіп, оған Семей қаласынан қатысқан Shanyraq командасы тасымалдаушы робот жинаудан үшінші орынды иеленді. Бұл туралы Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Shanyraq командасының құрамында «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер қозғалысының қатысушылары Олжас Самархан, Диляра Нұрмұхамбетова, Ерасыл Қанағатов, Темірлан Әбілхан, Радмир Жеңісбек бар. Балалар Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы №5 көпсалалы гимназияда оқиды.

Команданы информатика пәнінің мұғалімі Айдос Тұрсынбеков басқарады. Жас робототехниктер 2023 жылдың желтоқсанында Ustem Robotics қоғамдық қоры ұйымдастырған Almaty Tech Cup республикалық турнирінде Индонезияға чемпионатқа жолдама алды. Қор директоры және қоса атқарушы Smart Sarbaz бағытының кураторы – Мырзахмет Асылбек. 

Жарысқа Қазақстан, Америка, Индонезия, Австралия, Малайзия елдерінен барлығы 30 команда қатысты.

Айта кетелік, «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігі бес жыл бұрын құрылған болатын. Бүгінгі таңда елімізде бес мыңнан аса әскери-патриоттық клуб, «Жас сарбаз» сыныптары және Smart Sarbaz үйірмелері жұмыс істейді. Жалпы қозғалыс қатарында 8 жастан 17 жасқа дейінгі 280 мыңға жуық қазақстандық оқушы бар.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

23/12/2025 - 16:30
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ БАҒЫТТАҒАН БАСЫЛЫМ

23/12/2025 - 15:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН ҚҰРДАС

22/12/2025 - 21:24
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК ҚҰРАЛЫ

21/12/2025 - 21:20
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАСПАСӨЗ ТАРИХТА ҚАЛАДЫ

20/12/2025 - 10:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Аталар сөзі – өсиет

19/12/2025 - 13:16
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл

18/12/2025 - 11:12
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға адал қызметтің үлгісі

17/12/2025 - 15:06
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ МҰРАТЫ

16/12/2025 - 09:01
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30