Алматы Қарулы күштері ардагерлері кеңесінің төрағасы дүниеден озды

Ол 90-жылдардың басында бірінші Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовпен тығыз жұмыс істеген

10-11 қаңтарға қараған түні көрнекті қоғам қайраткері, Алматы Қарулы күштері ардагерлері кеңесінің төрағасы, отставкадағы полковник Мэлис Шәмпиев қайтыс болды. Бұл туралы Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мэлис Жұманұлы Шәмпиев 1947 жылы 22 наурызда Ақтөбе облысында әскери қызметшінің отбасында дүниеге келген. 1968 жылы Ташкент жоғары танк командалық училищесін, ал 1985 жылы Саратовтағы жоғары партия мектебін бітірген. Ол әскери қызметін танк взводының командирінен бастады. 1971 жылдан бастап қызметін саяси бағытта жалғастырды. 

Тәуелсіз Қазақстан армиясында бүгінде еліміздің Қарулы Күштерінде қызмет етіп жүрген талай лейтенанттар мен генералдарды тәрбиелеген алғашқы офицерлердің бірі болды. 90-жылдардың басында әскери қызметшілерді әлеуметтік және құқықтық қорғау бөлімін басқара отырып, бірінші Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовпен тығыз жұмыс істеді. Қорғаныс министрлігінің тәрбие құрылымдарында басшылық лауазымдарда қызмет атқарды. 1997 жылы желтоқсанда запасқа шығарылды. 

Шәмпиев Мэлис Жұманұлы өмірінің соңына дейін қоғамдық істерге белсене араласып, ардагерлер ұйымын басқарды, жастармен кездесті, Қазақстан Қарулы Күштерінің дамуына байланысты өзекті мәселелерге сарапшы болды.

Отбасында төрт бала тәрбиелеп өсірді, олардан төрт немере мен екі шөбере сүйді. Ұлдары да атасы мен әкесінің жолын жалғастырып, өз өмірін Отанды қорғау ісіне арнап жүр. Екеуі де Қарулы Күштердің полковниктері. 

М. Шәмпиев «Қажырлы еңбегі үшін», «Еңбек даңқы», «Құрмет» ордендерімен, «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Жауынгерлік қайраты үшін» медальдарымен және басқалармен марапатталды. 

Қорғаныс министрлігі мен Қарулы күштердің басшылығы Мэлис Жұманұлының туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады.  Қарулы күштердің ардагері жайлы жарқын естеліктер әрқашан жадымызда сақталмақ.

__Последние новости

  • Басты назарда

Осы күзде әскерге шақырылғандар оқуға кірісті

Бүгін, 10:56
Админ
  • Басты назарда

Білімі мен біліктілігі жарасқан

Бүгін, 10:35
  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

Кеше, 12:54
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39