Bild: Путиннің қысқы шабуылы сәтсіз аяқталды, мыңдаған сарбазы қаза тапты

Ресей армиясы алға жылжи алмады

Ануар Маратов

«Путиннің қысқы шабуылы сәтсіз аяқталды, мыңдаған сарбазы қаза тапты». Германияның Bild газетінің мақаласы дәл осы тақырыппен жарияланды. Бұл материал Ресей армиясының Украинаның Харьков пен Донецк облыстарындағы қысқы шабуылына негізделген, деп хабарлайды Sarbaz.kz.


Фото: Bild

«Мыңдаған сарбазының өлімінен және 400-ден астам бронды машинасының жойылуынан басқа, Ресей әскері нәтиже көрсете алмады», - деп жазады басылым.

«Bild» майдан даласындағы соңғы бейнежазбаларына сілтеме жасай отырып, Ресей Харьков облысындағы Купянск және Донецк облысындағы Авдеевканы басып алу – өзінің стратегиялық мақсаттарынан әлі де алыс деп жазады. 

«Украина Ресейдің шабуылдарына жауап ретінде өзінің қорғаныс механизмдерін ақылға салып, дәл бейімдеді», - деп атап өтті басылым.

Алайда, Украина мұндай күшті қорғаныс әрекеттерін қанша уақыт қолдай алатындығы және қазіргі қорғаныс жүйелері үшін оқ-дәрі қоры қандай деңгейде екені белгісіз.

«Ресейлік шабуылдардың толқындары әзірге тоқтап қалған сияқты, бұл Кремльдің қысқы шабуылына кедергі келтірді. Ресей жаңа шабуылды бастамас бұрын резервтерді қайтадан жинауы керек», - деп жазады басылым.

Соғысты зерттеу институтының талдауына сәйкес (ISW), Ресей әскері алдағы апталарда Харьков облысында Купянскі жерін басып алуға күш салуы мүмкін. Себебі, Украинаның шығысындағы басқа аудандармен салыстырғанда бұл маңайда әскер саны аз.

Айта кетейік, 2023 жылдың күзінде Ресейдің Купянск және Авдеевка бағытындағы шабуылы күшейе түскен және қазіргі уақытта қарқыны азайғанына қарамастан әлі де жүріп жатыр.

__Последние новости

  • Басты назарда

Білімі мен біліктілігі жарасқан

Кеше, 10:35
  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

21/11/2024 - 12:54
  • Басты назарда

Адал болуға ант берді

21/11/2024 - 12:24
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39