«Жастар қауіпті нақты бағалай алмайды»: жас сарбаздарға есірткінің қаупі түсіндірілді

Бір жыл ішінде өңірдің заңсыз айналымынан 302 келі есірткі тәркіленді

Жетісу облысының полицейлері әскери бөлімдерде есірткіге қарсы сабақ өткізді. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Тәртіп сақшылары нашақорлықпен күресудің ең жақсы тәсілдерінің бірі – алдын алу екеніне сенімді. Жетісу полицейлері өңірдің әскери бөлімдеріне өткен жылы шақырылған әскери қызметшілер арасында есірткіге қарсы құқықтық түсіндіру іс-шараларын бастады.

Нашақорлықтың алдын алу тақырыбында мерзімді сарбаздармен өткізілген сабақтар, дәрістер, кездесулер «Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарды» іске асыру шеңберінде Жетісу облысы гарнизонының әскери полиция бөлімінің көмегімен ұйымдастырылды.

«Синтетика, яғни химиялық жолмен өндірілген есірткінің белсенді таралуы аясында жастар есірткіні тұтынушылар, сондай-ақ есірткі таратушылар қатарына тез кіріп кетуі мүмкін. Мәселенің барлығы осыда, жастар әрқашан қауіпті нақты бағалай алмайды. Өйткені, синтетикаға тұрақты тәуелділік оны алғаш қолданғаннан бастап пайда болады», – деп атап өтті Жетісу облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасында.

Өңірдің әскери бөлімдеріне барған кезде жас әскери қызметшілердің алдында облыстық психикалық денсаулық орталығының нарколог-дәрігері де сөз сөйлеп, есірткіні қолданудың салдары туралы түсіндіріп, баяндайды. Тәртіп сақшылары өз кезегінде оларды таратқаны үшін заңнамалық жауапкершілік туралы хабарлады.

Бір жыл ішінде өңірдің заңсыз айналымынан 302 келі есірткі, оның ішінде 4 келіге жуық синтетика тәркіленді.

__Последние новости

  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

Кеше, 12:54
Админ
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39
  • Басты назарда

Қабілетіне қанат бітірген азамат

14/11/2024 - 14:22