Қорғаныс министрінің орынбасары Мұхамеджан Таласов қызметінен босатылды

М. Таласов Қазақстан Қорғаныс министрлігінде түрлі лауазымда басшылық қызмет атқарды

Админ

Қорғаныс министрінің орынбасары Мұхамеджан Таласов қызметтен босатылды. Тиісті өкімге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, деп хабарлайды Sarbaz.kz Ақордаға сілтеме жасап. Ол 2020 жылдың қазан айынан бастап қызмет етті. 

Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

Генерал-лейтенант Таласов Мұхамеджан Қадыржанұлы 1967 жылы 26 сәуірде Қызылорда облысында дүниеге келген. Ленинград жоғары әскери инженерлік құрылыс училищесін, Қазақ мемлекеттік заң академиясын, Орталық Азия университетін бітірген. Ұлттық қорғаныс университетінде магистр дәрежесін қорғаған.

II дәрежелі «Даңқ» (2018), II дәрежелі «Айбын» (2012) ордендерімен марапатталған.

Министрдің орынбасары лауазымына тағайындалғанға дейін ҰҚШҰ Біріккен штабы бастығының орынбасары болды. Ел Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары, Бас штаб бастығының орынбасары – Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы, Қарулы Күштер тылының бастығы болып жұмыс істеді.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ШЫРАЙЛЫ ШЫҒЫСТАҒЫ ПРЕСС-ТУР

30/10/2025 - 10:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АРМИЯМЫЗДЫҢ «АЙБЫНЫ»

28/10/2025 - 15:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Сарбаз» – сүйікті газетіміз

28/10/2025 - 10:18
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАЙЛАНЫСЫМДЫ ҮЗБЕГЕН БАСЫЛЫМ

27/10/2025 - 10:17
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ӨМІРДІҢ АЙНАСЫ

25/10/2025 - 17:17