2024 жылдың қаңтарында Ресей армиясы жаңартылған Калашников автоматымен толығады

Автоматтың бұл нұсқасына жаңа эргономикалық шүйде салынған

Нұрдәулет Кәкіш

Дүниежүзілік қару-жарақ саудасын талдау орталығының мәліметінше, 2024 жылдың қаңтарында Ресей әскерлеріне АК-12 жаңартылған Калашников автоматтарының бірінші партиясы беріледі, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«Біз тапсырыс берушілермен арнайы әскери операция барысында туындаған талаптар бойынша жұмыс істедік. Олар сынақтан өткізді. Алдағы қаңтарда жаңа автоматтарды жөнелтуді бастаймыз. Қару ыңғайлы әрі сенімді болуы тиіс», - деді концерн президенті Алан Лушников «Россия 24» телеарнасының эфирінде.

Басылым еске салғандай, қараша айының басында концерн президенті Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің АК-12 жеткізу туралы үш жылдық келісімшартының мерзімінен бұрын аяқталып, келесі келісімге көшкенін айтты.

Кейінірек «Калашников» басқарушы директоры Андрей Барышников осы жылдың соңына дейін жаңартылған автомат шығаруды бастау жоспарлары туралы айтқан болатын.

«Калашниковтың» бас дизайнері Сергей Уржумцев АК-12-ге енгізілген өзгерістердің ішінде қаруды құрастыру-бөлшектеудің жеңілдетілген схемасын атап өтті. А. Лушников автоматтың бұл нұсқасына жаңа эргономикалық шүйде салынғанын атап өтті.

АК-12 автоматының калибрі 5,45 мм. Оның дәлдігі жоғары.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ШЫРАЙЛЫ ШЫҒЫСТАҒЫ ПРЕСС-ТУР

30/10/2025 - 10:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АРМИЯМЫЗДЫҢ «АЙБЫНЫ»

28/10/2025 - 15:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Сарбаз» – сүйікті газетіміз

28/10/2025 - 10:18
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАЙЛАНЫСЫМДЫ ҮЗБЕГЕН БАСЫЛЫМ

27/10/2025 - 10:17
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ӨМІРДІҢ АЙНАСЫ

25/10/2025 - 17:17