«Менен құтыла алмайсыңдар» деуші еді – Зейнеп Ахметова атасы Бауыржан Момышұлы жайлы

Алматы республикалық «Жас ұлан» мектебінде Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметовамен кездесу өтті

Админ

Бауыржан Момышұлы атындағы Алматы республикалық «Жас ұлан» мектебінде белгілі қаламгер, Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметовамен кездесу өтті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«Батыр рухымен сырласу» атты кездесуде Зейнеп Ахметова отбасындағы естеліктер туралы айтты.

«Атам, «...Мен өлгенмен, менің атым өлмейді, менен құтыла алмайсыңдар...» деуші еді. Шынымен де, қазіргі таңда Қазақстанның қай түкпіріне бармайын, атамның есімін арқалаған қанша азаматтар бар, бірнеше мектептерге, көшелер мен даңғылдарға есімі берілген. Ата осылардың бәрін алдын-ала сезгендей қалай айтты екен.. деп кейде таң қаламын...!», - деді Зейнеп Ахметова.

Мектеп ұландары Бауыржан Момышұлы туралы сұрақтар қойып, жазушыға жылы лебіздерін білдірді.

Іс-шара мектеп ұландарының концерттік бағдарламасына ұласты. Батырдың өмір жолынан қойылымдар көрсетіліп, әскери бағыттағы естеліктерінен үзінділер оқылды.

Кештің қорытынды бөлімінде мектеп басшысы, полковник Нұрлыхан Ерекешов Зейнеп Ахметоваға зор ризашылығын білдіріп, мектептің құрылғанына 40 жыл толу мерейтойына  арналған төс белгімен марапаттап, мектептің тарихы жайлы  баяндайтын кітапты табыстады. 

Гүлімжан Мұхамеджанқызы, 

Бауыржан Момышұлы атындағы

Алматы республикалық «Жас ұлан» мектебінің әдіскері

 

__Последние новости

  • Басты назарда

КЕЗДЕСУ: ҚОЛЫНАН КІТАП ТАСТАМАЙТЫН ҚОЛБАСШЫ

Бүгін, 08:43
Админ
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 12:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 12:02
  • Басты назарда

110 студент ант қабылдады

02/07/2025 - 11:54
  • Басты назарда

«Айбын-2025» жиыны басталды

25/06/2025 - 11:02
  • Басты назарда

АЙБЫН-2025» ЖИЫНЫНА БІРІНШІ БОП ЖЕТТІ

21/06/2025 - 09:33
  • Басты назарда

15 сарбаз ант қабылдады

20/06/2025 - 10:41
  • Басты назарда

АСПАН ӘЛЕМІНІҢ ТАРЛАНДАРЫ

19/06/2025 - 10:02