Қазақстанда Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту қоры құрылды

Қор қызметінің негізгі мәні – отандық ғылыми-техникалық әзірлемелер мен қорғаныс-өнеркәсіп кешені ұйымдарын жаңғырту

Қазақстан Үкіметі «Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту қоры» АҚ құру туралы» 2023 жылғы 15 желтоқсандағы қаулыны қабылдады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«Мемлекеттің жарғылық капиталына 100 пайыз қатысуымен «Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту қоры» акционерлік қоғамы құрылсын», - делінген құжатта.

Қор қызметінің негізгі мәні – отандық ғылыми-техникалық әзірлемелер мен қорғаныс-өнеркәсіп кешені ұйымдарын жаңғырту.

Оның жарғылық капиталы республикалық бюджет қаражаты есебінен 265 722 000 (екі жүз алпыс бес миллион жеті жүз жиырма екі мың) теңге мөлшерінде қалыптастырылды.

Оның акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығы ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне беріледі.

Айта кетейік, осыан дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің әлеуетін арттырудың маңыздылығын қозғаған болатын. Президент осы саланы дамытудың перспективалылығын атап өтіп, қорғаныс өнеркәсібінде маманданған отандық компаниялардың дамуына жан-жақты көмек көрсетілуі керек екенін айтқан.

Жуырда қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту қорын құру бойынша жұмыс белгіленген тәртіппен жүргізілетіні туралы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Азамат Бейісбеков мәлім еткен болатын.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19