Түркияның сыртқы істер министрі ЕО мен НАТО-ны сынға алды

Ол Палестинадағы жағдайды қозғады

Нұрдәулет Кәкіш

Түркияның Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Түркия Ұлттық Мәжілісінің жалпы жиналысында министрліктің 2024 жылға арналған бюджеті туралы баяндама жасады. Бандамасында ол Еуропалық Одақтың Түркияға серіктес емес, бәсекелес ретінде қарауы және НАТО-дағы кейбір одақтастарының елдің қауіпсіздік сезімталдығын ескермеуі балама стратегиялар жасауға себеп болғанын айтты, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі TRT-ге сілтеме жасап.

Хакан Фидан Түркия үшін моральдық құндылықтарды ұстанатын ұтымды және тиімді сыртқы саясат жүргізудің бұрынғыдан да құнды болғанын атап өтті.

«Газадағы зұлымдыққа қарсы дауысымызды көтеруіміздің себебі де осы. Біз дұрысты «дұрыс» және бұрысты «бұрыс» деп айтудан ешқашан тартынбаймыз. Біз әрқашан палестиналық бауырларымыздың жанында болдық және алдағы уақытта олармен бірге болуды жалғастырамыз», - деді Хакан Фидан.

Сирияның аумақтық тұтастығы мен саяси бірлігіне қатты көңіл бөлгенін түсіндірген Фидан террор ұйымдарымен, әсіресе PKK/YPG-мен күрестің жалғасатынын тілге тиек етті.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19