80 жылдан кейін: ҰОС кезінде хабарсыз кеткен жауынгерлердің сүйегі елге жеткізілді

Соңғы 4 жыл ішінде 4 мыңнан астам сарбаздың орны анықталды

Қарулы Күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Мәскеуден Астанаға арнайы авиаборт арқылы жеткізілген үш қазақстандық жауынгердің сүйегін қарсы алу рәсімі өтті, деп Sarbaz.kz тілшісі хабарлайды.

Ресейлік іздеушілер жұмысының нәтижесінде 80 жылдан астам уақыттан кейін қызыл әскер сапында соғысқан Силан Мәметовтің (1912 жылы туған, Қызылорда облысы, Қазалы ауданының тумасы), Қадірбек Дәулетқұловтың (1922 жылы туған, Жамбыл облысы Меркі ауданының тумасы) және Қисым Әдиевтің (1911 жылы туған, Гурьев облысы Гурьев қаласының тумасы) сүйегі елге жеткізілді.

Өкінішке қарай, Силан Мәметовтің туыстары мен жақындарын табу мүмкін болмады, бірақ Қызылорда облысы әкімшілігінің арқасында сарбаз өз Отанында барлық әскери құрметпен жерленеді.

Бұл рәсімге «Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігінің өкілдері, ҰӘПО-ның, Мемлекеттік әскери-тарихи музейінің, Құрлық әскерлерінің, Әуе қорғанысы күштерінің әскери қызметшілері, Қарулы Күштердің ардагерлері, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері және қаза тапқандардың туыстары қатысты.

«Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мұрат Жанатайұлы сүйектерді іздеуге тікелей қатысқан «Эхо Войны», «Феникс» және «Застава» іздеу отрядтарының жұмысын атап өтті.

 

Мұрат Жанатайұлы жауынгерлердің сүйегін қайтаруға қатысқаны үшін барлығына алғыс білдірді.

«Осы іске атсалысқандарға Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Фатихұлы Жақсылықовтың атынан алғыс айтқымыз келеді. Сол сияқты алдағы уақыттағы жұмыстарына жеміс тілейміз!» - деді Мұрат Жанатайұлы.

«Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігінің баспасөз хатшысы Жансұлу Айжанова өз сөзінде атқарылған шаруаларға қысқаша тоқталып өтті.

«Ұйымымыздың қызметкерлері 4 жыл ішінде (2019 жылдан бастап) 4 мыңнан астам сарбаздың жеке басын және жерлеу орындарын анықтай алды. Бізге майдан даласында қаза болған ата-бабаларын іздеп жүрген 7 мыңнан астам қазақстандық жүгінді», - деді Жансұлу Айжанова.

«Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігі жалпы 19 сарбаздың сүйегін ҚР Қорғаныс министрлігімен бірлесіп Қазақстанға тасымалдады және әскери құрметпен Отанымызда жерледі.

«Біз өз қызметімізді толықтай тегін орындаймыз. Отан үшін жанын берген батырларымыздың қабірі қазылып, құрметпен жерленгенін, кейінгі ұрпағы басына барып, зиярат жасағанын қалаймыз», - дейді ол.

Ұйымдастырушылардың айтуынша табылған сүйектерді сарбаздардың медальондары арқылы ғана анықтау мүмкін болыпты. Көп жағдайда медальондары болмаған немесе толтырылмаған.

 

Қисым Әдиевтің сарбаздық медальоны. Қағазда сарбаздың деректері, тұрғылықты жері және туыстары туралы мәліметтер жазылған. Толтырылған қағаз қаптамаға салынған, фотоның жоғарғы сол жағында.

__Последние новости

  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

Кеше, 12:54
Админ
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39
  • Басты назарда

Қабілетіне қанат бітірген азамат

14/11/2024 - 14:22