Ұлттық ұлан әскери көлік жүргізушілерін енді өздері дайындайды

2022 жылы арнайы әскери техникаларды басқаруға даярлайтын заманауи оқу-материалдық база ашылған

Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлім жауынгерлері  әскери құрылымдарға тиесілі техникаларды және «D1» санатындағы көлік құралдарын жүргізу куәлігіне қол жеткізді. Бұл туралы Sarbaz.kz ҚР Ұлттық ұланы «Шығыс» өңірлік  қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Әскери қызметшілерді арнайы санаттағы көлік құралдарын жүргізуге даярлау – Өскемен қаласындағы 3477 әскери бөлімінің Дағдарысқа қарсы орталығында іске асады. Мұнда ұландықтар отыз күн бойы теориялық білім алса, келесі айда тәжірибелік сабақтарға қатысты. Көлік жүргізуде өрістерін кеңейтіп, біліктіліктерін жетілдірген жауынгерлерге тиісті құжатты  «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының техника және қару-жарақ жөніндегі орынбасары полковник Азамат Ғабдуллин табыстады.

«Мен бұған дейін В және С санатына жататын көліктерді ғана басқара алатынмын. Енді, міне, әскери құрылымдарға тиесілі 16 адамға арналған арнайы әскери техникаларды жүргізбекпін.   Алдағы уақытта D санатындағы көліктерді де тізгіндейтін жоспарым бар. Әскери салада жүріп, көлік жүргізу қабілетімді арттырғаныма қуаныштымын», - дейді 3514 әскери бөлімінің аға маманы – аға жүргізуші, қатардағы Біржан Солтанғазин.

Ұландықтарды арнайы санаттағы көлік құралдарын басқаруға даярлау Ішкі істер министрлігінің «механикалық көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау қағидаларын бекіту» туралы №862  бұйрығының талаптарына сәйкес жүзеге асуда.

Еске салайық, 2022 жылы алғаш рет қолбасшылық қабырғасынан арнайы әскери техникаларды басқаруға даярлайтын заманауи оқу-материалдық база ашылған болатын.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл

Кеше, 11:12
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға адал қызметтің үлгісі

17/12/2025 - 15:06
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ МҰРАТЫ

16/12/2025 - 09:01
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28