Қасым-Жомарт Тоқаев Кувейттің жаңа Әмірін құттықтады

Мемлекет басшысы Кувейт Әмірінің аса жауапты қызметі мен барлық бастамаларына мол табыс тіледі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Мишааль әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабахты Кувейт Мемлекетінің Әмірі лауазымына тағайындалуымен құттықтап, жеделхат жолдады. Бұл туралы Sarbaz.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

– Таққа отыруыңыз туралы шешімді Кувейттің өркендеуі мен мүддесін қамтамасыз етуге ұзақ жылдар бойы сіңірген Сіздің риясыз қызметіңізге әулетіңіз бен отандастарыңыздың берген жоғары бағасы әрі еліңіздің игілігі жолындағы болашақ жеңістеріңізге деген нық сенімінің айғағы деп білемін. Қазіргі таңда Кувейт – іргесі берік, экономикасы әлеуетті, халқының әл-ауқаты жылдан жылға артып келе жатқан ел. Сондай-ақ оның халықаралық қауымдастықтағы мерейі үстем. Осы ретте Сіздің басшылығыңызбен мемлекетіңіздің дамуы баянды болып, игі мақсат-мұраттарға жете беруіне тілектеспін, – деп жазылған жеделхатта.

Мемлекет басшысы Кувейт Әмірінің аса жауапты қызметі мен барлық бастамаларына мол табыс, ал бауырлас Кувейт халқына бақ-береке тіледі.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

Кеше, 10:30
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

Кеше, 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ШЫРАЙЛЫ ШЫҒЫСТАҒЫ ПРЕСС-ТУР

30/10/2025 - 10:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АРМИЯМЫЗДЫҢ «АЙБЫНЫ»

28/10/2025 - 15:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Сарбаз» – сүйікті газетіміз

28/10/2025 - 10:18
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАЙЛАНЫСЫМДЫ ҮЗБЕГЕН БАСЫЛЫМ

27/10/2025 - 10:17
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ӨМІРДІҢ АЙНАСЫ

25/10/2025 - 17:17