Әскери музыка байқауының үздіктері анықталды

Байқауға барлығы 80-нен астам өтінім келіп түсті

ҚР Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Қорғаныс министрінің жүлдесіне арналған республикалық әскери музыка байқауының нәтижесі жарияланды. Бұл туралы Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Өңірлердегі үміткерлерге іс-шараға онлайн форматта қатысу мүмкіндігі берілді. Байқауға барлығы 80-нен астам өтінім келіп түсті.

Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Мұхамеджан Таласов қазылар алқасына атқарылған кәсіби жұмысы, ал байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне әскери музыкалық шығармашылықты дамытуға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Төлеген Мұхамеджанов төрағалық еткен қазылар алқасы «Әскери би» әуені үшін Қорғаныс министрінің бас жүлдесін Нұрлыбек Амановқа табыс етті.

«Әскери үрмелі оркестрлерге арналған аспаптық музыка» номинациясы бойынша Нұрлан Кучкаров «Сарбаздар маршы» әуенімен жеңімпаз атанды. Екінші орынды «Айбын» маршымен Никита Почиталин иеленді. Үшінші орын Бейбіт Оралұлының «Жас ұландар маршына» берілді. Бұл номинация бойынша «Мәншүк» маршымен Олег Файхнер дипломант атанды.

«Әскери-патриоттық ән» номинациясы бойынша Әліби Әбдінұров пен Әбдірахман Мамашұлының «Әскери марш» шығармасы үздік деп танылды. Екінші орын «Қарулы күш – қорғаным» әні үшін Қайыржан Бердібай мен Талант Арғынғалиге берілді. Айсұлу Тани мен Арасанбай Естеновтың «Сарбаздар мен бас сардар» әні үшінші орынды иелненді. Жанел Бекетанов пен Қыдыржан Бибатшаев «Шығыс ұландары», Бейбіт Оралұлы мен Ақылбай Құлымшин «Алға сарбаздар», Қуаныш Кисметов пен Естай Рашқалиев «Қазақстан сарбаздары», Әскербек Құрманаев «Сержанттар – серілерім» әндерімен дипломант атанды.

«Би топтарына арналған музыкалық шығармалар» номинациясы бойынша қазылар алқасы Шолпан Қорғанбектің «Қасиетті ел» шығармасын үздік деп таныды. Екінші орында  Олег Файхнердің «Томирис», үшінші орында Сәуле Боранбаеваның «Алға» композициялары. Никита Почиталин бұл номинацияда «Вальс фантазиясы» әуенімен дипломант атанды.

Байқауды қорытындылаған қазылар алқасының төрағасы Төлеген Мұхамеджанов жанрлық әртүрлілік пен ұсынылған жұмыстардың жоғары деңгейін атап өтті.

Байқаудың жүлде қоры алты миллион теңгеден асқанын атап өткен жөн. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне тұрмыстық техника сатып алуға сертификаттар тапсырылды. Бас жүлде үшін сыйақы миллион теңгені құрады.

Іс-шара барысында бірқатар байқау жеңімпаздарының, жүлдегерлері мен дипломанттарының шығармалары орындалды.

__Последние новости

  • Басты назарда

Самбо – өзін-өзі қорғау өнері

Кеше, 14:42
  • Басты назарда

Парадқа дайындық барысы тексерілді

Кеше, 14:39
  • Басты назарда

Салтанатты күтіп алу рәсімі

09/04/2025 - 14:47
  • Басты назарда

Оқу-жаттығулардан оралды

08/04/2025 - 15:15
  • Басты назарда

Ардагерлерге көмек көрсетілді

08/04/2025 - 15:09
  • Басты назарда

Отанды қорғау – қасиетті парыз

08/04/2025 - 14:48
  • Басты назарда

Тылдағы тынымсыз тірлік

06/04/2025 - 14:51
  • Басты назарда

Сүйіспеншілікке шақырған шара

05/04/2025 - 14:54
  • Басты назарда

«Жеңіс тарихы» атты іс-шара

03/04/2025 - 13:09
  • Басты назарда

Сарбаз, әскери антқа адал бол!

02/04/2025 - 15:43
  • Басты назарда

Жеңіс шеруіне дайындық

02/04/2025 - 09:07
  • Басты назарда

Ағаш өңдеу кәсібін игеріп шығады

01/04/2025 - 15:42
  • Басты назарда

Жаңару күндері табиғат та жаңғырды

31/03/2025 - 12:36
  • Басты назарда

Ұлыстың ұлы күні ұлықталды

30/03/2025 - 16:38