Елімізде барлығы 619 көшкін қаупі бар учаске бар
Алматы облысының тауларында «Ақбұлақ» тау шаңғысы базасының аумағында қар көшкінін алдын ала жүргізу жұмысы жүргізілді. Көшкіндердің жалпы көлемі шамамен 700 текше метрді құрады. Бұл туралы Sarbaz.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Министрліктің хабарлауынша 2023-2024 жылдардағы көшкін қаупі бар кезеңнің басынан бастап қар көшкінінің 6 профилактикалық түсуі, 157 жерүсті зерттеуі және көшкін қаупі бар учаскелерге 3 аэровизуалды тексеру жүргізілді.
«Қар көшкінінің 14 өздігінен түсуі тіркелді, қар массасының көлемі шамамен 24 мың текше метрді құрады. Алматы қаласы мен Шығыс Қазақстан облысының таулы аудандарын қорғауды 1 903 қар ұстайтын қалқан қамтамасыз етеді.
Көшкін жағдайының мониторингі Қазселденқорғаудың 78 тұрақты бекеті 24 маусымдық көшкін маршрутымен жүзеге асырылады. Қажет болған жағдайда қосымша және мобильді посттар орнатылды. 30 диспетчерлік пункт тәулік бойы жағдайды және көшкін қаупі бар жағдай туралы мәліметтерді өңдеуді және талдауды жүзеге асырады.
Елімізде Алматы, Алматы, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Жетісу облыстарының таулы аудандарында барлығы 619 көшкін қаупі бар учаске бар. Әсер ету аймағына 4,6 мыңнан астам адам, 234 объект және республикалық, облыстық және жергілікті маңызы бар 159 км автожол кіреді. Бұл қауіпті учаскелерде 102 ескерту қалқаны орнатылған», - делінген министрлік хабарламасында.
Республикамызда қар көшкіні қауіпті кезең желтоқсан айынан сәуір айы аралығында жүреді. Алайда, кейбір жылдары қар көшкіндерінің алғашқысы қарашада, сонғы уақытты мамыр айында жүреді. Ал, гляциалды аймақтарда қар көшкіні жыл бойы сақталады.
Қар көшкінінің жиі жүруі себебі - қарқынды қар жауу, сондай-ақ жылымық және көктемгі қар еруі мен адамның және жануарлардың әсерінен болады.
ТЖМ азаматтарды қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады:
құзырлы органдардың ескертілген ақпараттарын елемей қалмаңыз. таулы аймақтардың жағдайы туралы бұқаралық ақпарат құралдарынан хабарларды үнемі бақылаңыз. қар көшкіні қауіпті жерлерде демалуға тоқтамаңыз. қар көшкіні қауіпті жерлерде жүргенде өте мұқият болыңыз.Қар көшкініне жару жұмыстарын жүргізу кезіндегі қар көшкіні қауіпті беткейдегі адамдардың болуы немесе аймақ шекарасына өтуіне қатаң тыйым салынады.